• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:28:44
Алматы
+35°

18 Қазан, 2017 NEWS

Кентау қаласы әкімінің орынбасары 3,5 млн. теңге пара алу кезінде ұсталды

16 қазанда Берік Қынатов 3,5 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталып, Түркістан ІІБ уақытша тергеу изоляторына жабылды

Кентау әкімінің орынбасары Берік Қынатов 3,5 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Qamshy.kz Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департаменті мәліметіне сүйеніп.

"Өз қызметін асыра пайдаланып, әкімдікке есеп беретін кәсіпорынға жетекшілік етіп, "Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық модернизациясы - 2020" бағдарламасы аясында тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізген мердігер ұйымдардың мүдделерін заңсыз қорғады", - деп хабарлады департамент басшысының орынбасары Әбілқасым Жорабеков. 

16 қазанда Берік Қынатов 3,5 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталып, Түркістан ІІБ уақытша тергеу изоляторына жабылды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір