• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:52:04
Алматы
+35°

20 Қазан, 2017 NEWS

Кэмбридж студенттері Шекспир пьесаларындағы зорлықтан сақтандырылды

Драматургтың туындыларына арналып өткізілетін сабақтар леп белгілерімен және үшбұрыштармен белгіленеді.

Драматургтың туындыларына арналып өткізілетін сабақтар леп белгілерімен және үшбұрыштармен белгіленеді.

Би-би-сиге сүйенген Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлауынша, Кэмбридж университетінің студенттеріне Уильям Шекспир пьесаларында сексулдық зорлық-зомбылықтың бар екендігі айтылып жатыр.

Сабақ кестесіндегі ақынның туындыларына арналған дәрістер арнайы белгілермен сызылуда, олар қызыл үшбұрыштар мен леп белгілері. Бұл таңбалармен студенттерге жағымсыз болуы мүмкін сабақтар белгіленуде.

Кэмбридждің өз атын құпия ұстауды өтінген мұғалімі университет басшылығының мұндай қадамға баруын жақтамайтынын айтты. Себебі «студенттерді шынайы өмірге бейімдеу үшін оларды үш жыл бойы қорғаштап білім берудің қажеті жоқ» дейді ол. Кэмбридждегі Шекспир фестивалінің басшысы Дэвид Крилли де бұл шешімге наразылығын білдірді.

Ол: «Ағылшын әдебиеті курсының студенті «Тит Андроникте» зорлық бар екендігін білмесе, оның бұл курста не қып жүргені белгісіз» деді.

Осы іспеттес сынның көбейіп кетуінен, ЖОО баспасөз қызметі бұл шешімді жүзеге асыру міндетті емес екендігін және оны мұғалімнің өзі шешетіндігін мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір