• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 19:40:43
Алматы
+35°

18 Қазан, 2016 Шаруашылық

Келер жылы елімізде 150-ге жуық ауылшаруашылығы кооперативі құрылады

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Үкімет отырысы барысында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету шаралары мен...

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Үкімет отырысы барысында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету шаралары мен ауылдық жерлерде кооперацияны дамыту туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz Премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

Қ. Айтуғанов ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және қайта өңдеу қуаттарын жүктеу жеке шаруашылықтар әлеуетін пайдалану есебінен жүзеге асырылатынын айтты. ҚР АШМ облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып және ҚР ДСӘДМ жыл соңына дейін нақты міндеттер мен индикаторларды анықтайтын үшжақты қадамдық жоспарына қол қойды.  Сонымен қатар, іс-шараларды жүзеге асыратын жұмыс тобы құрылды және өңірлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін құжаттар пакеті дайындалды.

«28 шілде мен 30 тамыз аралығында барлық облыстарда, сондай-ақ бірқатар аудандарда ауылдық округ әкімдерінің және аудандар әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен кеңестер өтіп, іс-шаралардың іске асыру механизмі, кооперативтер құрудың негізі және қаржыландыру шарты жайлы егжей-тегжейлі түсіндірілді», - деп хабарлады бірінші вице-министр.

Қ. Айтуғанов әкімдіктерге бекіткен жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың соңына дейін 150 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылатындығын айтты. Ол 100 сүт қабылдау бекеті мен 2 200-ден астам отбасылық бордақылау алаңын біріктіреді.

«Осы жылдың 15 қазанындағы жағдай бойынша 42 сүт қабылдау бекеті және 3 200 отбасылық бордақылау алаңы құрылды», – деді Қ. Айтуғанов.

Сондай-ақ, бірінші вице-министр кооператив құруда формалды амалды болдырмас үшін кооперативке жеке шаруа қожалықтарын көбірек тарту үшін онда кем дегенде 20 қатысушы болу міндеті қойылғанын мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір