• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:02:21
Алматы
+35°

14 Қаңтар, 2018 Әлеумет

Кедей жігіттің ұсынысынан бас тартқан байдың қызы: Бәрі кеш...

Әлеуметтік желіде махаббат оқиғасы қызу талқыланып жатыр.

Әлеуметтік желіде махаббат оқиғасы қызу талқыланып жатыр. Әрбір әйел тұрмысқа шығып, сәби сүюді армандайтыны рас, «армандамаймын», - дегендердің өзі іштей бақытты отбасыны жоспарлайтыны анық. Алайда қыздар өзінің болашақ күйеуін әртүрлі елестетеді. Кейбіреулер «менің болашақ жұбайым бай болса екен», десе, енді біреулер «ақылды, мені сыйласа болды», деп ойлайды. Әлемде қанша адам болса сонша пікір болатыны рас. Алайда мына бір оқиғаны да өмірлік қағида ретінде ойға тиген абзалырақ болар. Мүмкін осыған ұқсас, тіпті осы махаббат желісін оқыған яки естіген шығарсыз?!

Кедей жігіт байдың қызына ғашық болады. Олар үнемі айлы түнде де, шуақты күнде де кездеседі. Бір күні жігіт қызға үйленуге қатысты ұсыныс жасайды. Жігіт қолында бар ақшасына тек бір тал гүл сатып алған. Өз күнін әрең көріп жүрген жігіттің күнделікті табысы тек кешкі асына ғана жеткен. Ұсыныс жасау үшін жігіт кешкі астан да бас тартты. Таңғы әрі түскі асты ішуге жағдайы жоқ жігіттің ұсынысын байдың қызы қабылдай алмады. Қыз жігітті қанша ұнатса да болашағын ойлауға тырысатын.

«Сенің күнделікті табысыңды мен бір сағатта жаратуым мүмкін. Біз отбасы болған кезде қалай өмір сүреміз? Мен кедейшілікте өмір сүре алмаймын. Сондықтан мені ұмытқаның жөн. Өзіңнің теңіңді табуға тырыс. Мен сені ұнатам, алайда біз бірге бола алмаймыз.», - деп әлгі қыз жігіттің ұсынысынан бас тартады.

Әрине бұл қорлықты жігіт өмір бойы ұмытпайды.

Арада 10 шақты жыл зу етіп өте шығады. Қыз өзінің бұрынғы жігітін орталық сауда орталықтың бірінде кездестіреді.

«Қалың қалай? Мен өте білімді азаматқа күйеуге шықтым. Ол айына 15 мың доллар табыс табады. Бұл жалақы сенің түсіңе де кірмейтін шығар?», дейді қыз.

Жігіт бұл сөздерді естіп тұрып өз-өзін әрең ұстайды. Қатты ашуланғанымен ол ештеңе айтпайды.

Бір мезетте әлгі әйелдің қасына күйеуі келіп: «Мырза қалыңыз қалай? Байқуымша сіз менің әйеліммен тынысып үлгерген секілдісіз?», дейді.

— Қайырлы күн! Есіміңіз?, — деді ол есіне түсіре алмай.

— Ануар..., деп күлімсіреді ол.

— Сізді көргеніме қуаныштымын. Менің маңызды жұмыстарым бар еді, рұқсат етсеңіздер мен жүре берейін, деді ол сыпайы қалпымен.

Кейін Ануар әйеліне өзінің бастығын таныстыра бастады.

«Менің бастығым 100 млн. доллардан астам табыс тапты, алайда тым қарапайым. Оның өмірі сынақтарға толы болды деседі. Менің естуім  бойынша, ол  бір бай қызды қатты жақсы көрген. Алайда әлгі қыз оны кедей болғаны үшін тастап кетіпті. Сол кезден бастап ол көп тер төгіп, көптеген қиыншылықты артқа тастап жетістікке жеткен. Сол себепті мен оны ең ақылды, білімді адам ретінде сыйлаймын, әрі үлгі алуға тырысамын. Бірақ ол өзінің сезімін аяққа таптаған қыздан кейін барлық әйел атаулыдан көңілі қалғандықтан әлі күнге дейін үйленбеген. Айтпақшы, сен әлгі әйелдің орнында болсаң осындай жігіттен бас тартар ма едің?», деп жымиып сұрақ қойды Ануар.

Ал әйелі әзілге айналдырып жіберді, алайда іші өкініштен өртеніп бара жатқан еді. «Бәрі кеш», деді ол.

Өмір біз ойлағаннан да қысқа. Ал сіздің қалтаңыздағы ақша сіздің қандай екеніңізді көрсетпейді. Сол себепті тәкәппарлық пен мақтаншақтық әрбір адамды қор қылады. Өмірде бәрі мүмкін...

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір