• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:56:24
Алматы
+35°

13 Қазан, 2017 NEWS

Кәсіби стандарттар жаңа әдістеме бойынша дайындалады

Сертификациядан өткен стандарт дайындаушы мамандар кәсіби стандарттарды дайындауға үстіміздегі жылы кіріскелі отыр

Астана және Алматыда кәсіби стандарттарды дайындаудың жаңа әдістемесін оқытуға арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Осының арқасында 70-тен аса стандарт дайындаушы маман тренингтерден және сертификациядан өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Әдістемені Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүзеге асырып жатқан «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында Ernst & Young компаниясы дайындады. 2020 жылдың маусымына дейін 550 кәсіби стандартты дайындап, бекіту жоспарланып отыр.

Әдістемені талқылауға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер қауымдастықтарның өкілдері қатысып, осының нәтижесінде кәсіби стандарт құрылымын және де оны дайындау мен мақұлдаудың рәсімін сипаттайтын кешенді тәсілдеме қалыптастырылды. Стандарттарды дайындау жұмысына тиісті кәсіптердің жұмысшылары, жұмыс берушілер, сондай-ақ, білім беру мекемелерінің, салалық қауымдастықтардың, зерттеуші ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар мен кеңес берушілер тартылатын болады. Ал жұмысты үйлестірумен оқыту мен сертификациядан өткен стандарт дайындаушы мамандар айналысады.

«Кәсіби стандарттар Ұлттық біліктіліктер жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл стандарттар мемлекетке жұмысшыларды оқыту, сондай-ақ, білім беру мекемелерінде, әртүрлі курстарда, сондай-ақ, тікелей еңбек қызметі кезінде үйренген ресми және бейресми дағдыларды мойындау сынды мақсаттарды жүзеге асыруға көмектеспек. Кәсіби стандарттар мен біліктіліктер жүйесін ендіру нәтижесінде еңбек нарығы сұранысқа ие кадрлармен толығатын болады», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік серіктестік департаментінің директоры Нұркен Тілеуов.

Сертификациядан өткен стандарт дайындаушы мамандар кәсіби стандарттарды дайындауға үстіміздегі жылы кіріскелі отыр. Осы ретте бұл стандарттар ұдайы өзгерістерден өтіп отырады: құзіретті ұйымдар ең кем дегенде үш жылда бір рет оларды қайта қарастырып, жаңартып отырады. Өндірістің ұйымдастырылуы, оның ерекшеліктері мен құрылымының өзгеруі, сондай-ақ, еңбек функцияларының, құзыреттіліктер мен біліктіліктер мазмұнының өзгеруіне әкелетін жаңа технологияларды ендіру сынды жағдайлар дайындалған стандарттарды қайта қарастыруға және ауыстыруға себеп болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір