22Қыркүйек

Кәрі қыздар өзінен он жас кіші жігіттерге неге құмар?

Кәрі қыздар өзінен он жас кіші жігіттерге неге құмар?

Тұрмысқа шығуды армандаған декан, басқарма басшысы, ғылым кандидаты, доктор секілді отырып қалған оқыған қыздар танысу орталығынан жігіт іздеуде және олар өзінен 10 жас кіші жігіттерге қызығады екен, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Ақтөбедегі қыз бен жігітті табыстыратын «Серуен» отбасылық оқыту орталығы арқылы 68 жұп шаңырақ көтерген. Жұп іздегендердің арасында 26 жастағы қыздардан бастап, 65 жастағы ер азаматтарға дейін бар. Олардың арасынан отбасын құрмағандар мен ажырасқандарды да табуға болады. Отыз жастан асып үйлене алмай жүрген қыздар көп. Қырыққа келгенде әйелі қайтыс болған ер азаматтар орталықтан көмек сұрап келеді екен.

«63 жастағы әйелдер бар. Жалғыз болғысы келмейді, «жастау азаматтар болса» деп өтініш білдіріп келеді. Бізге мешіттегі имамдардың да келетіні рас. Алпыс жастан асқан оның әйелі қайтыс болған екен. Ол кісінің өзі түсініксіздеу болды. Оған қажетті әйел адамды тауып бере алмадым. Бізге «тек жыныстық қатынас үшін адам іздейміз» деп мазалайтындар да бар. Олар түсінбейді, «ақшасын төлеймін» деп дікеңдеп тұрып алады. Әсіресе, ондай қоңыраулар ер адамдардан болады. Біз жыныстық қатынас емес, отбасы қатынасын орнатуға жұмыс істеп жатырмыз деп түсіндіремін», - дейді «Серуен» оқыту орталығының басшысы Райса Жақыпова.
Оқыту орталығы жалғыз жүргендерді таныстырып, берік отбасы болудың құпиясымен таныстырады. Қызмет көрсету ақылы.

«Келген адам тіркелу үшін 5000 теңге төлейді. Әрі қарай оқыту курсына 100 доллар төлеуге тиіс. Бұрын бұл 300 доллар болатын. Доллар бағамының өзгеруіне байланысты азайттық. Бізге кез-келген адам тіркеле алмайды. Ішімдікке салынған адамды жолатпаймыз. Ер адамдарға қойылатын негізгі талап - оның тұрақты жұмысы болуы керек, немесе кәсіпкер болуға тиіс. Рухани жағынан дұрыс адамды қараймыз. Ақылы болғаннан кейін қарапайым адамдар көп жолай қоймайды», - дейді орталық басшысы.

Орталық басшысы өзіне қалталылардың келетінін жасырған жоқ.

«Мұнда адамдар іріктеледі. Қыздар да әншейін қаңғып жүргендер емес, оқыған қыздар. Ғылым кандидаттары, докторлар, мұнай компаниясында үлкен қызметте істейтін 2-3 дипломды қыздар бар. Үлкен мекемелерді басқарып отырған қыздар сеніп келеді. Сондықтан, мен оларға лайық ер адамдарды іздеймін. Қазір танысу қиын емес. Ол үшін ғаламтордың өзі жетіп жатыр. Мен келген адамның талғамына қарауым керек» , - дейді Райса Жақыпова.

Орталыққа келген адам ақылы анкета толтырады, өзін қысқаша таныстырып, видеоға жазылады. Қандай адаммен танысқысы келетінін айтады. Орталықта 68 адам шаңырақ құрғанын басшы мақтанышпен жеткізді. Айтуынша, адамдардың талғамы әртүрлі.

«Қазір әйелдер өзінен жас жігіттерді іздеп жатыр. Ал, ер адамдар қыздардың үлкен болғанын қалыпты деп қабылдайды. «Үлкен бола берсін» дейді. Қыздардың он жас үлкендігіне де мән бермейді. Қазіргі жастар оны еш ерсіліксіз қабылдайды. Біз арқылы он жас үлкен қыздарға үйленген ер адамдар бар. Олардың жеке бастарына ыңғайсыздық болмас үшін жекелеп тоқталғым келмейді. Мен ондай кезде қыз лжігіттің артынан жүгіретін шығар деп ойдайтынмын. Жоқ, керісінше, жігіттердің үлкен қыздардың артынан қалай жүгіргенін көзіммен көрдім. Ер адамдарды қылмен ұстай білетін қыздардың бар болғанына қуанамын», - дейді орталық басшысы.
Отбасы болғысы келіп, орталықты жағалап жүргендердің дені білдей қызметтегі адамдар болып шықты.

«Сауатты, үлкен қызметтегі адамдар көп келеді. Жұбын іздеушілердің арасында үлкен мекемелерді басқарып отырған басшылар көп. Үлкен оқу орны директорының орынбасары, декан қыздар бар. Бізге қарапайым адамдардың ақшасы жетпейді. Мен отбасы туралы оқытқанда әр нәрсені өз өмірімнен аламын. 35 жасымда тұрмысқа шықсам да, бәріне үлгердім. Мен отыз жасқа дейін адам үйленіп болу керек деп ойлаймын. Өмір қысқа, бәріне үлгеру керек», - дейді Райса Жақыпова.

Өз өмірінен алған тәжірибесін өзгелерге үйретіп жүрген орталық басшысы бұл қызметті қалай бастағанын да айтып берді.

«Мен өзім психологпын, 35 жасымда кеш тұрмысқа шықтым. Шүкір, жолдасыммен бірге 40 жылдан бері біргеміз. Мүмкін, ақшаға құнығып кеткен болуым керек, бір кездері қатты сырқаттанып қалдым. Аурудан тұрғаннан кейін «Серуен» орталығын 15 жыл бұрын адамдарға сауап жасау мақсатында аштым. Ол кезде қыздар жұмыс істеді. Олар тек ақша табудың жолын іздеді. 2000 теңгеге тіркеп, адамдарды таныстырды. Ол кезде қоңырауға да есікке де тыным болмайтын. Алқаштар аз болған жоқ. Қыз іздеп түрмеден шыққан адамдар да жүрді», - дейді «Серуен» оқыту орталығының директоры.

Ең алғашында орталық той ұйымдастыру жұмыстарынан бастаған. Тойды безендіруден, жас жұбайларға бал айын ұйымдастырып берумен айналысады. Кейін қыздар мен жігіттерді таныстыратын шағын агенттік қызметін атқарады

«Алты жыл орталықта танысу кештерін ұйымдастырдым. Адамдардың ойын білгім келді, қоғам қалай қабылдар екен деп ойладым. Үйленбей жүрген адамдар кімдер? Олар не себепті отбасын құрмай жалғыз жүргенін білгім келді. Би кештері арқылы жалғыз жүргендерді таныстырдым», - дейді ол.

Орталықта адамдардың жеке отырып кездесетін орны да бар. Олар шай ішіп отырып, үш сағаттай еркін сөйлеседі.
 

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


  • 1 жыл бұрын

    Актобелiк нагыз казак азаматы кайдасын? Алматыда жалгызсырап жаным жудеп журмiн гой...Ораза айы мубарак болсын! Барша Актобелiктерге жаркын омip тiлеймiн!

  • 1 жыл бұрын

    тух керемет екен, барғым кеп кетті

  • 1 жыл бұрын

    30 жаска дейінгі сүйкімді кыз болса,танысамын.Отбасы куру максатында.Арак,темекіден аулакпын, жумысым бар.Ватсап бар 87055558999

1
Қазақ билігіндегі атқа мінерлердің рейтингі жасалды
13/09 22:36 0 43
2
Қазақ боксшысы Қытайдың ұлттық құрамасының тарап кетуіне себепші болды
13/09 19:44 0 2768
3
Жанат Құрманов Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды
13/09 19:31 0 114
Елбасы Өзбекстан мен Түркіменстанға ресми іс-сапармен барады
13/09 18:24 0 150
Нұрсұлтан Назарбаев отандық және шетелдік журналистермен кездеседі
13/09 18:18 0 158

Таныстырылғандар

Елбасы белгілеген басымдықтар Мәжілістің бірінші Бюро отырысында талқыланды
Елбасы белгілеген басымдықтар Мәжілістің бірінші Бюро отырысында талқыланды

Елбасы белгілеген басымдықтар Мәжілістің бірінші Бюро отырысында талқыланды

Парламент сессиясының ашылуында Елбасы белгілеген заңнамалық басымдықтарды басшылыққа алып, бірқатар мәселелер талқыланды.
04/09/2017 18:47 0 452
Айдос Сарым. Биліктегі интеллектуалдардың жүгін екеудің бірі көтере алмайды
Айдос Сарым. Биліктегі интеллектуалдардың жүгін екеудің бірі көтере алмайды

Айдос Сарым. Биліктегі интеллектуалдардың жүгін екеудің бірі көтере алмайды

Марат Тəжин ағамыз жылдың басынан бері көптеген игі істі кешенді түрде бастап кетті.
05/09/2017 11:22 12 3930
Айсұлтан Назарбаев: Есірткіден құтылуыма атамның сенімі себеп болды
Айсұлтан Назарбаев: Есірткіден құтылуыма атамның сенімі себеп болды

Айсұлтан Назарбаев: Есірткіден құтылуыма атамның сенімі себеп болды

«Қаншама отбасы осы улы дерттің салдарынан құрдымға кетті, сол себепті де қазір ашық жазып отырмын», - дейді Айсұлтан Назарбаев
05/09/2017 14:46 5 2568
Алматыда із-түссіз жоғалған 18 жастағы қыздың денесі табылды
Алматыда із-түссіз жоғалған 18 жастағы қыздың денесі табылды

Алматыда із-түссіз жоғалған 18 жастағы қыздың денесі табылды

Алматыда жоғалып кеткен 18 жастағы Назерке Әріптің денесі табылды. Бұл туралы Назеркенің жақын туыстары хабарлаған.
06/09/2017 14:09 0 4333
Елбасы: Қазақстан поляк бизнесмендері үшін ашық
Елбасы: Қазақстан поляк бизнесмендері үшін ашық

Елбасы: Қазақстан поляк бизнесмендері үшін ашық

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев А.Дудаға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Польшаның ұлттық күнін өткізуге қатысқаны үшін алғыс білдірді.
06/09/2017 14:45 0 994
ЭКСПО-да ерегесіп қалған екі сақшы жұмыстан қуылды
ЭКСПО-да ерегесіп қалған екі сақшы жұмыстан қуылды

ЭКСПО-да ерегесіп қалған екі сақшы жұмыстан қуылды

Сөзге келіп қалған екі сақшы жұмыстан қуылды, деп xабарлайды
07/09/2017 18:05 0 933
Е. Тілешов: Жаңа әліпби негізінде тұрғындар арасында апробация жүргізілді
Е. Тілешов: Жаңа әліпби негізінде тұрғындар арасында апробация жүргізілді

Е. Тілешов: Жаңа әліпби негізінде тұрғындар арасында апробация жүргізілді

Е. Тілешовтің айтуынша, жаңа әліпби қабылдау, бір таңбаларды екінші таңбалармен ғана ауыстыру емес
11/09/2017 12:55 2 265
Ерболат Досаев: Үкіметте латын әліпбиін енгізудің нақты жоспары бар
Ерболат Досаев: Үкіметте латын әліпбиін енгізудің нақты жоспары бар

Ерболат Досаев: Үкіметте латын әліпбиін енгізудің нақты жоспары бар

Латын әліпбиін меңгеру бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, мобильді қосымшалар мен ақпараттық бағдарламаларды шығарған маңызды
11/09/2017 12:57 3 337
Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан бір отбасы толығымен өлім құшты
Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан бір отбасы толығымен өлім құшты

Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан бір отбасы толығымен өлім құшты

Жол апаты Бейнеу ауылында 10 қыркүйек күні сағат 19:00 шамасында орын алған
11/09/2017 16:23 0 7938
Босния және Герцеговина Қазақстанның Балқан аймағындағы маңызды әріптесі
Босния және Герцеговина Қазақстанның Балқан аймағындағы маңызды әріптесі

Босния және Герцеговина Қазақстанның Балқан аймағындағы маңызды әріптесі

Босния және Герцеговина Қазақстанның Балқан аймағындағы  маңызды әріптесі болып табылады.
11/09/2017 19:08 0 162
Мексикада зілзала салдарынан қаза болғандардың саны 95 адамға жетті
Мексикада зілзала салдарынан қаза болғандардың саны 95 адамға жетті

Мексикада зілзала салдарынан қаза болғандардың саны 95 адамға жетті

Табиғи апаттан елдің оңтүстігіндегі Оахака штаты аса қатты жапа шеккен
12/09/2017 08:20 0 94
«Ирма» дауылының соңы созылмалы жауын-шашынға ұласты
«Ирма» дауылының соңы созылмалы жауын-шашынға ұласты

«Ирма» дауылының соңы созылмалы жауын-шашынға ұласты

Стихия көрші штаттар Алабама, Джорджия, Оңтүстік және Солтүстік Каролинаны зақымдады.
12/09/2017 11:20 0 168
«Үздік қазақтілді интернет-сайт сыйлығы» байқауы жарияланды
«Үздік қазақтілді интернет-сайт сыйлығы» байқауы жарияланды

«Үздік қазақтілді интернет-сайт сыйлығы» байқауы жарияланды

Байқау мақсаты – интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді ресурстарды анықтау мен насихаттау.
12/09/2017 17:30 0 147
Испанияның әйгілі сарайында 500 жылдан кейін азан шақырылды (видео)
Испанияның әйгілі сарайында 500 жылдан кейін азан шақырылды (видео)

Испанияның әйгілі сарайында 500 жылдан кейін азан шақырылды (видео)

Испания елінің Гранада қаласындағы әйгілі Альгамбра сарайында араға  500 жыл салып алғаш рет мұсылманша азан шақырылды
12/09/2017 19:13 0 3073
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ұлтшылдығының рухани көсемі
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ұлтшылдығының рухани көсемі

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ұлтшылдығының рухани көсемі

Алаш қайраткерлері жасаған Ұлы ұлтшылдық дәуірде өзге ұлттан кек алу, өзге халықты тұқырту немесе мұқату әрекеттері болған емес
13/09/2017 08:33 1 321