• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:02:19
Алматы
+35°

Светлана Чернышова есімді Қазақстан тумасы Ыстанбұл әуежайында табылған. Ол есін жоғалтып алған. Бұл туралы сол жерде болған куәгер өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«11/06/2018 жыл сағат 9:00-де қазақстандық әйелді әуежайда көрдім. Оның басынан бір жағдай өткен. Светлана Чернышева есін жоғалтып алған. Әйелде ұшақтың билеті болды, алайда ұшақ оның жүгімен сағат 01:00-де ұшып кеткен. Ыстанбұлдан Бішкекке баруы керек болған. Ол – Қазақстан тумасы», – деп жазды Facebook қолданушысы.

паспорт

Ер адам әуежай күзетшілеріне мән-жайды айтқаннан кейін олар жедел жәрдем шақырған.

жазба

«Жедел жәрдем келіп әйелді ауруханаға алып кетті. Әйелді біреу іздеп жатқаны анық. Осы жазбаны бөлісіп жіберіңіздер. Егер біреу танып жатса, маған жазыңыздар. Оған көмегіміз тиеді деп үміттенемін», – деді ер адам.

Оның постының астына мұндай жағдай Қырғызстан азаматшасының да басынан өткенін жазғандар болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір