• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:14:42
+35°

14 Наурыз, 2018 NEWS

Ішкі істер министрі автобустағы 52 адамның өлімі туралы: «Сұрақ көп...»

Көз жұмғандардың барлығы ер адамдар. Олардың ең үлкені- 41, ең жасы кішісі-19-да болған.

Қазақстанның Ішкі Істер министрі Қалмұханбек Қасымов Ақтөбе облысында автобуста 52 адамның тірідей өртеніп көз жұмғанына қатысты тергеу әрекеттерінің қалай жүріп жатқанын айтып берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме беріп.

«Үш адам қамауға алынды. Ол жерде дәлелдеу керек. Біз автобус иесіне шағымдануымыз керек. Ол қазір шетелде жүр. Сұрақтар өте көп. Тергеу сот үкімітн шығарған соң бітеді»,-деді Қ.Қасымов.

Еске салсақ, 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жолаушылар автобусы өртеніп, 52 адам қаза тауып, бес адам құтқарылған. Автобус ОҚО-ның Сарыағаш ауданы Жібек Жолы ауылынан Қазанға қарай бағытта жол жүріп келе жатқан.

Көз жұмғандардың барлығы ер адамдар. Олардың ең үлкені- 41, ең жасы кішісі-19-да болған.

Автобус Мехтиев Ордухан Сабыроглының атына жазылған болып шықты. Оның жолаушылар тасымалдауға рұқсаты болмaғаны анықталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір