• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 22:01:14
Алматы
+35°

20 Маусым, 2018 NEWS

Ішкі істер департаментінің маманы әлеуметтік ролигімен жүлделі орын иеленді

14 наурыз-14 маусым аралығында «Жас Отан» «Елбасының бес бастамасы» тақырыбында видео-байқау жариялады

14 наурыз-14 маусым аралығында «Жас Отан» «Елбасының бес бастамасы» тақырыбында видео-байқау жариялады. Бірнеше күн бұрын байқау жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Солардың ішінде Астана қаласының Ішкі істер департаментінің маманы Ерболат Орымбаев та бар. Жеңімпаздар марапаттау рәсіміне Астанаға еліміздің басқа қалаларынан келіп жетті.

Астана

Байқауға Алматы қаласын қатысқан, қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде дизайн пәнінен сабақ беретін Айжұлдыз Абыкеева 1-орын мен Canon 7d Mark фотокамерасын жеңіп алды. 2-орынның және электронды стэдикамның иегері Қарағанды Мемлекеттік университетінің 1-курс студенті Бердібек Қазығұлов атанды. Ол Маңғыстау облысының Боранқұл ауылынан «Серпін» бағдарламасы арқылы оқуға түсіп, «Ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша білім алуда. Астана қаласының Ішкі істер департаментінің маманы Ерболат Орымбаев жоғары оқу орындарында жатақханалардың жетіспеушілігі туралы әлеуметтік ролик түсіріп, 3-орынға берілген DJI Osmo камерасын ұтып алды. Ал Динара Құрманғожина ұсынған жұмыс арнайы жүлдеге лайық деп танылып, GoPRo экшн-камерасын сыйға алды. Алайда Динара жақын күндері рельстен шығып кеткен Астана-Алматы бағытындағы пойызда болғандықтан, Астана қаласына келуге мүмкіндігі болмады. Ол қазір өзін жақсы сезінетінін және жеңісіне өте қуанышты екенін жеткізді. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарға шығармашылық табыс тілеп, сыйлыққа алған техникалармен түсірілген сапалы видеоларды күтетіндерін жеткізді.

Астана

Байқаудың басты мақсаты – жастарды Елбасы жариялаған әлеуметтік бастамалармен, солардың ішінде, тұрғын үй бағдарламасы, білім беру гранты, салық cалу мәселесі, шағын және орта бизнесті дамыту сынды бастамалармен таныстыру.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір