• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:23:10
Алматы
+35°

21 Қазан, 2017 NEWS

II Республикалық әкелер форумы өтті

Алматы қаласының әкімдігімен және «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп II Республикалық әкелер форумын (бұдан әрі - форум) өткізді.

2017 жылғы 20 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия (бұдан әрі - Ұлттық комиссия) Алматы қаласының әкімдігімен және «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп II Республикалық әкелер форумын (бұдан әрі - форум) өткізді,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Форумда отбасы институтын және отбасылық тәрбиедегі әкенің рөлін нығайту, «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту аясында балалардың патриоттық сезімін қалыптастыруға, білімге ұмтылысты өсіруге қоғамның назарын аудару мәселелері талқыланды.

Форумның жұмысына парламент депутаттары, Ұлттық комиссия мүшелері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғамдық қайраткерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар үлгілі әкелер – барлық өңірден келген делегаттар қатысты.

Форумның ашылуында Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ляззат Сүлеймен, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының арқасында қоғамның рухани-адамгершілік түрленуінің негізгі бағдарлары анықталғандығын атап өтті. Жақында өткен ТМД және ЖЕЭО елдері басшылары Кеңесінің отырысында отбасы институтын және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қолдау туралы біріккен мәлімдеменің қабылданғандығы тектен тек емес екенін атап өтті.

Қазақстандықтардың отбасылық дәстүрлерге бейімділігі қоғамда жоғары моральдық құндылықтарды және руханиятты сақтауға ықпал етеді, бұл жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ҚР Президентінің Жарлығымен (2016 жылғы 6 желтоқсандағы №384) қабылданған Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясаттың тұжырымдамасының бірінші кезеңі іске асырылуда. Тұжырымдамада баланың тәрбиесіндегі қос ата-ананың жауапкершілігін арттыру, соның ішінде жауапты әкелік институтын дамыту және үлгілі әкелерді насихаттау мәселесі алға қойылған.

Қазақстанда 70 белсенді әкелердің күшімен «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі құрылды, ол отбасын нығайту бойынша тәжірибелік шараларды іске асырады. 8 аймақта өкілдіктері құрылды, соның ішінде бүгінгі күні Астана, Алматы қалаларында, Қарағанды және Маңғыстау облыстарындағы өкілдіктер белсенді болып табылады, олар әкелік институтты насихаттаумен қатар өңірлерде кейбір жауапсыз әкелердің алимент төлемеуі, аз қамтылған отбасыларға мекенжайлық көмек көрсету және т.б. сияқты әлеуметтік мәселелерді шешеді. Әкелер одағының өкілдерін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының жанындағы әртүрлі сараптамалық жұмыс топтарына тарту іске қосылды.

Форум аясында қатысушылар «Ресей Федерациясының әкелер одағы» аймақаралық қоғамдық ұйымының атқарушы директоры Юрий Соленовтің ұсынған жұмыс тәжірибесімен танысты.

Іс-шараның соңында үздік үлгілі әкелерге Ұлттық комиссияның атынан Алғыс хаттар табыс етілді. Күннің екінші жартысында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, онда форумға қатысушылар балалар мен жастардың тәрбиесіне әкенің қатысу мәселелері, сондай-ақ Қазақстанда әкелер институтын дамыту  жолдары талқыланды.

Одан әрі Ұлттық комиссия мүшелері осы жылғы шілде айында ашылған тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығына барып, оның жұмысымен танысты. Бұл отбасылық-тұрмыстық тұрғыда зардап шеккен әйелдерге қажетті әлеуметтік қызметтер көрсететін еліміздегі отызыншы дағдарыс орталығы болып табылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір