• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:49:30
Алматы
+35°

02 Ақпан, 2018 NEWS

Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстандағы БАӘ елшісімен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы өзара ықпалдастықтың қазіргі жағдайын талқылады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы өзара ықпалдастықтың қазіргі жағдайы, сондай-ақ саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

– Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің басшысы шейх Халифа Әл Нахаянның тығыз әрі өзара сенімді байланыстарының арқасында елдеріміз арасында достық қарым-қатынас орнады, – деді Мемлекеттік хатшы.

Г. Әбдіқалықова Қазақстанның 4.0-Индустриясы элементтерін енгізуді және әлемнің озық дамыған отыз елінің қатарына қосылуды көздейтін Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын іске асыруға кіріскенін атап өтті.

– Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесіміз. Таяуда Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысындағы сөйлеген сөзінде халықаралық өмірде саяси сенім мен жүйелі диалогтың маңызды екеніне назар аударған болатын, – деді Мемлекеттік хатшы.

Гүлшара Әбдіқалықова «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Әмірліктердің қаржы орталықтары арасында өзара белсенді іс-қимылды жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.

Соңында Мемлекеттік хатшы Біріккен Араб Әмірліктерінің Халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне белсенді атсалысқаны үшін ризашылық білдіріп, Дубайдағы келесі ЭКСПО-2020 көрмесінің жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді.

– Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерімен толыққанды стратегиялық серіктестік орнатуға мүдделі және ЭКСПО-2020 көрмесіне белсенді атсалысатын болады, – деді Г.Әбдіқалықова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір