• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 03:02:25
Алматы
+35°

06 Шілде, 2018 Әлем

Грузия президентінің күйеу баласын атып кетті - БАҚ

Президенттің күйеу баласы республикалық ауруханаға жеткізілді, енді ота жасалмақ.

Грузия президентінің күйеу баласы Миндия Гогочуриге шабуыл жасалды. Жұмаға қараған түні оқпен жараланған Гогочури ауруханаға жеткізілді.

Жергілікті «Рустави 2» арнасының хабарлауынша, президенттің күйеу баласы республикалық ауруханаға жеткізілді, енді ота жасалмақ.

Елдің ішкі істер министрлігі істі тергеу жұмыстарын бастап кетті. Оқиғаның мән-жайы әлі белгісіз.

Гогочуриннің басынан мұндай жағдай бірінші рет өтіп тұрған жоқ. 2017 жылдың қаңтарында досы екеуіне астананың дәл орталығында оқ атылып, ауруханаға жатып шыққан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір