• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:22:09
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2018 Спорт

Головкиннің «Канело» мен оның командасынан көңілі қалды — Абель Санчес

Головкиннің де «Канело» мен оның командасынан көңілі қалған көрінеді. Алайда сарапшылардың не айтатынын күтіп отыр.

Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес GGG мен өзінің Сауль Альварестің допинг-сынамасында кленбутерола қалдықтары табылғанын қайдан естігенін айтты. Бұл жайында Sports.kz жазады.

—Түс кезінде мен өз жаттықтыру залымда болдым. Бізде дайындық жүріп жатты. Мен Том Леффлерден хабарлама алдым. «Маңызды жаңалық бар, хабарлас» деп жазып жіберіпті. Мен ол сәтте әңгіменің Головкинге қатысы бар екенін білген жоқпын. Сол кезде  Геннадийде барлығы дайын болды. Баспасөз конференциясы да өткендіктен әңгіме басқа боксшы жайында екен деп ойладым. Әрине, менің көңілім қалды. Алайда VADA сарапшылары мен Комиссия оқиғаның мән-жайын анықтамайынша, біздің ұсыныс жасауымыз ақымақтық болар еді, - деп мәлімдеді Санчес.

Головкиннің де «Канело» мен оның командасынан көңілі қалған көрінеді. Алайда сарапшылардың не айтатынын күтіп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір