• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:26:41
Алматы
+35°

10 Сәуір, 2018 Спорт

Головкиннің бапкері неге 5 мамырда жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Бапкер Абель Санчес қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

Бапкер Абель Санчес қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Әрине, Геннадий қатты ренжулі, бірақ ол өзгелерді бақылап отыра алмайды. Енді ол «Канелоны» күтпейді. Біз сол күнгі (5 мамыр - авт.) жекпе-жекке дайындалып жатырмыз, ештеңені өзгертпекші емеспіз. Жанкүйерлер оның жекпе-жегін көргісі келеді. Геннадий — кәсіпқой боксшы, алдағы бокс кешінде кез келген оппонентке қарсылас болып, бар мүмкіндігін көрсеткісі келеді», - дейді Санчес.

Головкин жекпе-жекті «Канелоға» қарсы реванш жоспарланған T-Mobile Arena-да емес, MGM Grand аренасында өткізеді. Оның қарсыласы жуық арада жарияланады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір