Головкин мен Альварес бокстасатын болды ма?

Головкин мен Альварес бокстасатын болды ма?
ⒸKazakh-tv.kz

Ән-күй музыка сайты

Бірнеше күн бедерінде кәсіпқой бокстан нәпақасын айырып жүрген мексикалық Сауль Альварестің кленбутеролмен ұсталып қалғаны жайлы ақпарат ғаламтор кеңістігін жайлап үлгерді. Рұқсат етілмеген бұл преперат туралы әбден оқып, зерделеп, қаныққан боларсыз. Ендеше дәмі кеткен қазыны көп шайнамай, GGG-Canelo арасындағы екінші шайқасқа кленбутерол кедергі бола ма деген сауалға жауап іздеп көрсек.

Біріншіден, Канелоның бизнес-империя екенін айта кеткен жөн. Кім не десе о десін, бірақ Сауль Альварес – бүгінгі кәсіпқой бокс әлемінің паспорты. HBO секілді алпауыт телеарна үшін де, бокс ұйымдары үшін де Альварес – Анд тауының ұшар биік шыңы. Ал қай тарапқа болсын қырғын ақша түсіретін, жанкүйерлер базасы әбден қалыптасқан, нағыз бизнес-жобаны түп-тамырымен кесіп тастау кімге тиімді? Канелоның есебінен ақша тауып отырған барлық тарапқа тиімсіз. Қандай ауыр қылмыспен ұсталса да, басқа-басқа, мексикалықтар үшін бәрі кешірімді. Өйткені кәсіпқой бокс әлемі аталатын төрт бұрыштың жартысын мексикалықтар ұстап тұр. Мейлі, фанаттар әскері жағынан, мақұл, бокс ұйымдары тарапынан болсын... Иә, санамалайық па? Бүкіл әлемдік бокс кеңесі (WBC), бүкіл әлемдік бокс ассоциациясы (WBA) секілді алпауыт ұйымдар Маурисио Сулейман мен Хилберто Мендосоның қолында тұрғанда Канелоның жолына кім кедергі тастар тастай алмақ? Ешкім...

Екіншіден, Альварес көшеде жүрген боксшы немесе «жолаушы» (попутчик) чемпион болған емес. Оның өткізген жекпе-жектерінің тізімінен кімдерді көресіз? Мани, яғни кіші Флойд Мейвезер, көптеген былғары қолғап шебері үшін өте ыңғайсыз Эрисланди Лара, Остин Траут... Қысқасы, топ боксшылар жеткілікті. Мұның ішінде Сауль тек Флойдқа есе жібергенін білеміз. Ал жанкүйерлер үшін жағымыз персона бола тұра кәсіпқой бокстың короліне айналған Мейвезер мансабын аяқтаған соң Альварес жеке-дара бизнес жобаға айналды. Қандай кәсіпқой бокс ұйымы «сауын сиырдан» айрылғысы келеді? Ешқайсысы. Бұл дәлелдеуді қажет етпейді.

Үшінші және ең басты аргументіміз, Головкин – Альварес арасында шешімін таппаған дау бар. Иә, бірінше жекпе-жекте қазақстандық боксшы басымдау көрінген. Алайда «Golden boy» промоутерлік ұйымымен, Аделайда Берд секілді «сұңғыла» төрешілер тандемімен және Сауль Альвареспен шаршы алаң ішінде және сыртында жұдырықтасқан Генаға оңай соққан жоқ. Айталық, Альварес чемпион болып, Головкин үміткер саналғанда әйтіп-бүйтіп жеңісті мексикалыққа әпере салар еді. Тіпті, бірінші шайқас көп адамның көкейінде күмән қалдырды. Барлық жағынан әйгілі Оскар Де Ла Хойяның (Альварестің промоутері) айтқанына көніп, айдауына жүре салатын Том Леффлер (Головкиннің промоутері) астыртын тең нәтижеге келісіп алуы да бек мүмкін. Оны Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес те білуі ықтимал. Тек Гена білмесе керек... Стратегияны бапкер құрады ғой. Сондықтан біз сәл басқашалау шайқас көрдік...  Осындай ой да мидың дәлізін кезіп кететіні бар. Кім білсін? Бірінші жекпе-жек, қалай десек те, жұмбақ болып қалды. Жұрт жұмбақтың шешілгенін қалайды. Тек фанаттар емес, бүкіл бокс әлемінің майталмандары. Сол себепті екінші кездесу нағыз кассалық айқасқа айналмақ. Бұл промоушн үшін де, телеарна үшін де, боксшылар үшін де аса маңызды. Енді осындай кездесудің алдына қайдағы бір кленбутерол кедергі бола алады деп ойлайсыз ба? Жоқ! Кленбутерол – тек қосымша интрига.

Кезінде Эрик Моралес пен Франсиско Варгастың бойынан табылған кленбутерол оларға түк те кесірін тигізбеген болатын. Моралес те, Варгас та – ғаламат боксшылар. Әйткенмен, аты аталған былғары қолғап шеберлері дәл Альварес секілді «сауын сиыр» бола алмады. Енді ойлаңыз, Моралес, Варгас айналып өткен допинг дауы Альварестің алдындағы алынбайтын асу ма? Езуге күлкі үйіріледі. Альваресті, қажет болса, VADA да, басқа да ақтап алуға тас-түйін дайын. Ендеше бізге Альварестің жазалануы мүмкін еместей көрінеді. Соған қарағанда, Қазақстан уақытымен 6-мамырды күтетін түріміз бар. Мега шайқас мерзімі тым таяу. Үміт басым, күдік кемшін. Біз Генаға сенеміз. Сіз ше?

Табиғат АБАИЛДАЕВ

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 3 ай бұрын

    Мына Абай.кз сайты sports.kz сияқты шовинистік сайттың қазақи филиалы ма. Жоғарыда айтқан сайт және басқа да орыс тілді сайттар Головкиннің тышқан сигеніне дейін күнде жазып жатыр. Олардың спорт жаңалықтарының 90 пайызы басқа елдің қазынасын қампайтып жатқан Гена туралы. Ол жылына бір ойын өткізеді. Оның әңгімесі бір жыл. Сендер де соларға қосылып жарамсақтанбауға болады ғой. Ал бокс туралы жаңалық керек болса, кеше ғана Финляндияда өткен жарысқа барған 6 боксшының 5-і алтын, 1-уі күміс алды. Және қандай тамаша ойын көрсетті. Жаңалық керек болса, соны неге жарнамалап видеосын бермеске. Оның орнына біреудің қаңсығын таңсық қылғанға әуессіңдер. Намыс қайда. Кеше ғана Астана арландарының Ресейдегі жеңістерін қараулықпен тартып алғандарын неге ашынып жазбайсыңдар. Спорт ойыншық емес. Ондағы нәтижелер жастарға, біздің болашағымызға, ұлттық намысымызға қызмет етеді. Осыны неге ұқпайсыңдар.

    • 3 ай бұрын

      Қазақтың намысын қазақ қана қорғайды.

      • 3 ай бұрын

        Алдыңғы поста қамшы.кз деп жазудың орнына абай.кз деп жазылып кетіпті. Абай.кз сайтынан кешірім сұраймын. Бірақ менің сөзім оларды да ойландырса дұрыс болар еді.

        1
        Халық банк банкоматтағы қытай тіліне қатысты сауалдарға жауап берді
        22/06 18:59 0 200
        2
        Көкжайлау шатқалының 100 га жері мемлекетке қайтарылады
        22/06 18:00 0 155
        3
        СІМ Иранда жүрген Қанат Бейсекеевтің жағдайына қатысты пікір білдірді
        22/06 17:54 0 143
        Журналистиканы 4 жыл оқудың қажеті жоқ — Ерлан Сағадиев
        22/06 17:53 0 276
        Сенат төрағасы Қ.К.Тоқаевтың сұхбатына байланысты сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед пікір білдірді
        22/06 17:46 6 1064

        Таныстырылғандар

        Головкиннен тартып алынған IBF титулына кімдердің таласатыны анықталды
        Головкиннен тартып алынған IBF титулына кімдердің таласатыны анықталды
        Головкиннен тартып алынған IBF титулына кімдердің таласатыны анықталды
        IBF Геннадий Головкиннен титулды  Деревянченкомен кездесуден бас тартқаны үшін тартып алған болатын.
        12/06/2018 15:52 0 439
        GGG мен "Канело" жекпе-жегінің күні бекітілді
        GGG мен "Канело" жекпе-жегінің күні бекітілді
        GGG мен "Канело" жекпе-жегінің күні бекітілді
        The Ring мәліметіне сүйенсек, Геннадий бұл жекпе-жектен соң 40 млн доллар көлемінде гонорар алады. Ал Канелоның гонорар көлемі хабарланған жоқ.
        14/06/2018 09:36 0 881
        Алматы облысында әскер қатарына аттандыру науқаны жалғасуда
        Алматы облысында әскер қатарына аттандыру науқаны жалғасуда
        Алматы облысында әскер қатарына аттандыру науқаны жалғасуда
        Көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны барысында Алматы облысынан 1991-2000 жылы туылған 1800-ден астам азаматты әскер қатарына шақыру жоспарланған
        14/06/2018 11:53 5 379
        ӘЧ-2018: Назарбаев пен Головкиннің суреттері жарияланды
        ӘЧ-2018: Назарбаев пен Головкиннің суреттері жарияланды
        ӘЧ-2018: Назарбаев пен Головкиннің суреттері жарияланды
        Ақорданың баспасөз қызметі Мәскеу қаласындағы «Лужники» стадионында футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының ашылу рәсімінен суреттер жариялады.
        15/06/2018 11:08 0 1734
        Роналду хет-трик жасаған ойында Португалия Испаниямен тең түсті
        Роналду хет-трик жасаған ойында Португалия Испаниямен тең түсті
        Роналду хет-трик жасаған ойында Португалия Испаниямен тең түсті
        Португалдық ойыншы мундиальдағы үздік сұрмергендер көшін бастады.
        16/06/2018 12:54 0 1024
        Иван Дычко қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
        Иван Дычко қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
        Иван Дычко қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
        Дычко карьерасында сегіз раундық кездесуге алғаш рет шыққан.
        17/06/2018 11:39 0 1130
        Роналду екі жылға сотталды
        Роналду екі жылға сотталды
        Роналду екі жылға сотталды
        Бұған қоса «Реал Мадрид» командасының ойыншысы 18 миллион 800 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.
        17/06/2018 15:40 0 3547
        Мысырлық қақпашы үздік ойыншы жүлдесін алудан бас тартты
        Мысырлық қақпашы үздік ойыншы жүлдесін алудан бас тартты
        Мысырлық қақпашы үздік ойыншы жүлдесін алудан бас тартты
        Мысыр - Уругвай матчында оңтүстікамерикалықтар 1:0 есебімен жеңген болатын.
        17/06/2018 17:30 1 894
        Анджелина Джоли Ирактағы сириялық босқындардың лагеріне барды
        Анджелина Джоли Ирактағы сириялық босқындардың лагеріне барды
        Анджелина Джоли Ирактағы сириялық босқындардың лагеріне барды
        Джоли 2001 жылдан бері БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі басқармасында жұмыс істейді. Ол осыған дейін Ирак, Камбоджа және Кения елдеріне барған.
        18/06/2018 16:09 0 636
        Ибрагим Ескендір ресейлік қарсыласын нокаутпен тізе бүктірді (видео)
        Ибрагим Ескендір ресейлік қарсыласын нокаутпен тізе бүктірді (видео)
        Ибрагим Ескендір ресейлік қарсыласын нокаутпен тізе бүктірді (видео)
        Қазақстандық спортшы бұл жеңісін алаштың тілі – қазақ тіліне арнаймын деді.
        19/06/2018 10:36 5 5186
        Головкин Қазақстанға келетінін айтты
        Головкин Қазақстанға келетінін айтты
        Головкин Қазақстанға келетінін айтты
        Головкин мен "Канело" екінші кездесудің алдында бірлесіп баспасөз жиынын өткізуден бас тартты.
        20/06/2018 15:31 0 411
        Ресейлік теннисші Қазақстан намысын қорғайтын болды
        Ресейлік теннисші Қазақстан намысын қорғайтын болды
        Ресейлік теннисші Қазақстан намысын қорғайтын болды
        Жасөспірімдер арасында ол екі рет "Үлкен дулыға" санатындағы турнирлердің жартылай финалына жетті.
        21/06/2018 15:57 0 191
        Еуропада ең көп сатылатын автокөліктер аталды
        Еуропада ең көп сатылатын автокөліктер аталды
        Еуропада ең көп сатылатын автокөліктер аталды
        2018 жылы ең көп сатылған автокөліктердің қатарына Ford Fiesta, Nissan Qashqai, Skoda Octavia, Volkswagen Tiguan бар.
        21/06/2018 17:51 0 388
        Аргентина Хорватиядан ойсыра жеңілді (видео)
        Аргентина Хорватиядан ойсыра жеңілді (видео)
        Аргентина Хорватиядан ойсыра жеңілді (видео)
        Ойындағы үш гол да екінші таймда соғылды.
        22/06/2018 10:51 0 228
        Мессидің анасы сынның астында қалған ұлының жағдайын айтты
        Мессидің анасы сынның астында қалған ұлының жағдайын айтты
        Мессидің анасы сынның астында қалған ұлының жағдайын айтты
        Ойындағы үш гол да екінші таймда соғылды. 53 минутта қақпашы Вилли Кабальеро ойламаған жерден қателесті.
        22/06/2018 11:17 0 493