• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:33:07
Алматы
+35°

09 Сәуір, 2018 Спорт

Головкин: "Канело" түкке тұрмайды, оны ұмытыңыздар

"Канелоны" ұмытыңыздар. "Канело" - ешкім емес".

Орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварес 5 мамырға жоспарланған кездесуден бас тартқаннан кейін БАҚ алдында тұңғыш рет сұхбат берді  деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы TalkSport.com спорт сайтының редакторы Майкл Бенсон Twitter желісінде былай деп жазды: "Головкин" "Канело" реванштан бас тартқаннан кейін БАҚ алдында тұңғыш рет сөйледі: "Өтінемін, "Канелоны" ұмытыңыздар. "Канело" - ешкім емес".

Еске салайық, 4 сәуірге қараған түні баспасөз мәслихаты өтіп, онда Сауль "Канело" Альварестің мүддесін қорғайтын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы мексикалықтың ресми түрде бас тартуына байланысты 5 мамырға белгіленген жекпе-жегі өтпейтінін мәлімдеген еді. Алайда Головкин 5 мамырда  кездесу өткізетінін айтқан болатын. Қазіргі уақытта кездесудің Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтетіні белгілі. Алайда оның  қарсыласы әзірге белгісіз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір