• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:54:53
Алматы
+35°

18 Қазан, 2017 Спорт

Головкин-«Канело» арасындағы екінші кездесу қашан өтеді?

Екінші кездесудің қашан өтетіні нақты белгіленген жоқ. Алайда бүгінде көптеген бокс мамандары «екінші кездесудің 5 мамырда өтеді» деп айтып жүр.

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші кездесуі 2018 жылдың мамырынан бұрын өтуі мүмкін. 
Бұл туралы мексикалық боксшының келісімшарттарымен айналысатын, Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес айтты, деп жазады BoxingScene порталы.

Екінші кездесудің қашан өтетіні нақты белгіленген жоқ. Алайда бүгінде көптеген бокс мамандары «екінші кездесудің 5 мамырда өтеді» деп айтып жүр. 
«Екінші кездесудің нақты қашан өтетіні әлі белгісіз. Бұл мәселе де келіссөздер кезінде шешіледі. Мүмкін, жекпе-жек мамырдан бұрын да өтуі мүмкін. Дегенмен кездесуді мамыр айында өткізген қолайлы. Бұл ең алдымен PPV үшін», – деді Гомес. 

Айта кетейік, қазан айының басында Бүкіләлемдік бокс кеңесі Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесудің өтуіне ресми келісім берді. Екі боксшының командасы қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіп жатыр. 
Еске салайық, Головкин мен «Канело» алғашқы кездесуін 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өткізіп, жекпе-жекті тең аяқтаған еді. Сонымен, қазақстандық боксшы өзіне тиесілі барлық белбеулерін қорғап қалған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір