• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:52:49
Алматы
+35°

08 Маусым, 2018 Спорт

Головкин IBF белбеуімен қоса тағы бір үлкен шығынға батты

Кеше IBF Геннадий Головкинді чемпиондық белбеуден ресми түрде айырған болатын.

The Ring р журналының авторы Майк Коппинджер Халықаралық бокс федерациясының (IBF) қазақстандық Геннадий Головкинді (38-0-1, 34 КО) чемпиондық белбеуінен айыру шешіміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады sputniknews.kz.

"Сонымен бірге, Головкин екі ұдай жағдайда отыр. Ол "Қанеломен" жұдырықтасқысы келеді, алайда ақшаның тең жартысын алса ғана. Оған белбеу әрқашан маңызды болды, Геннадий 2015 жылы Давид Лемьеден IBF белбеуін тартып алған кезде өзінің барлық төрт белбеуді иелену мақсатына бір табан жақындады. Ол бірнеше күннің ішінде өз белбеулерінің бірін жоғалтты, сондай-ақ біраз гонорарынан айырылған болуы мүмкін", — деп жазды журналист.

Естеріңізге сала кетейік, кеше IBF Геннадий Головкинді чемпиондық белбеуден ресми түрде айырды, өйткені қазақстандық боксшы 3 тамызға дейін украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы міндетті жекпе-жекке шығудан бас тартқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір