• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:58:19
Алматы
+35°

02 Қараша, 2017 Спорт

Головкин 2018 жылы кіммен жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

Головкин алдымен мамыр айында, содан сон қыркүйек және желтоқсан айында жекпе-жек өткізеді.

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер RingTV арнасына берген сұқбатында отандасымыздың 2018 жылғы жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды
Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz мәліметіне сүйеніп.

"Менің ойымша, біз келер жылы үш кездесу өткіземіз. Головкин алдымен мамыр айында, содан сон қыркүйек және желтоқсан айында жекпе-жек өткізетін шығар. Әрине, мамырда біз "Канеломен" екінші рет кездесуді ойластырып отырмыз. Бұл біздің басты мақсатымыз. Сонымен қатар Головкиннің карьерасы бір орында тұрып қалмау үшін қосалқы жоспарымыз да бар. 

"Канелоны" мәңгілік күте бермейміз. Егер ол жекпе-жек өткізуге келісім бермесе, Головкиннің кездесуін қабылдайтын спорт кешендері бар. Менде қосымша жоспар да бар. Ол кезде GGG Джейкобспен екінші рет кездесуі мүмкін", - дейді Леффлер. 

Айта кетейік, Головкин өзінің соңғы кездесуін 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өткізді. 12 раундтың қорытындысы бойынша, төрешілер тең нәтижені тіркеді. Осылайша қазақстандық боксшы өзіне тиесілі барлық белбеулерін сақтап қалды. Ал олардың екінші кездесуі 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір