• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:00:20
Алматы
+35°

29 Маусым, 2017 Ғылым-білім

Голландияда 4,5 млрд жыл бұрын пайда болған метеорит табылды

Голландияның Амстердам қаласы маңында метеорит табылды. Аспаннан құлап түскен тас ауладағы сарайдың шатырын тесіп өткен. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл...

Голландияның Амстердам қаласы маңында метеорит табылды. Аспаннан құлап түскен тас ауладағы сарайдың шатырын тесіп өткен. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Ғалымдар ол Марс пен Юпитер арасындағы метеориттер белдеуінен ұшып келген деп санайды. Осындай метеориттер ел аумағына әр 3-4 жыл сайын құлайды екен, бірақ оларды табу қиын. Бұл – соңғы екі ғасырда Голландияда табылған алтыншы метеорит. Мамандардың айтуынша, аталмыш тасты зерттеу Күн жүйесінің пайда болуы туралы білімімізді кеңейтеді.

Геолог Лео Кригсман былай деді: - Метеоритке қарасаңыз, онда оливинның шағын тамшыларын көресіз. Осы минерал Күн жүйесі пайда болғанда құрылған. Осылайша метеорит Күн жүйесінің алғашқы күндерінің сырын ашып бере алады. Ең ғажайыбы, 4,5 млрд жыл бұрын пайда болған тасты қорадан тауып, қолда ұстап тұрмыз.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір