• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:05:51
Алматы
+35°

08 Желтоқсан, 2017 NEWS

Ғарышқа қазақстандық ұша ма? Аэроғарыш комитеті жауап берді

Қазіргі уақытта Қазақстан үкіметі қазақстандық ғарышкерді ғарышқа ұшыру мәселесін қарастырып жатқан жоқ.

Қазіргі уақытта Қазақстан үкіметі қазақстандық ғарышкерді ғарышқа ұшыру мәселесін қарастырып жатқан жоқ. Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аэроғарыш комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Sputnik Қазақстан мәліметіне сүйеніп. 

"ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитеті 6 желтоқсанда бірқатар аудандық және республикалық БАҚ-тарда шыққан ресейлік ғарыштық кеме экипажының құрамында қазақстандық ғарышкердің ұшу мүмкіндігі туралы ақпаратты толықтай дұрыс деп айтуға болмайды. Нақты айтқанда, Ақтөбе планетарийінің 50 жылдығында Қазақстанның Халық Қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетовтың сұхбат барысында аталған мәселе бойынша айтылған сөзі дұрыс түсіндірілмеген", — деп мәлім етті аэроғарыш комитеті.  

Комитет хабарлағандай, қазіргі уақытта Қазақстан үкіметі қазақстандық ғарышкерді ғарышқа ұшыру мәселесін қарастырып жатқан жоқ. 

"Заманауи космонавтика бұл, ең алдымен, жаңа білім, техникалық прогресс және адамзаттың болашағы. Сондықтан болашақта Қазақстан Республикасы, әрине, ғарыштық зерттеулер жүргізуге қажеттілік туындағанда басқарылатын космонавтиканы дамытуды жоспарлап отыр", — де атап өтті комитеттегілер. 

Естеріңізге сала кетсек, кеше бұқаралық ақпарат құралдарында тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшады деген ақпарат тараған еді. 

"Ресей қазір ғарыш кемесін дайындап жатыр, ол 6 орынды болуы мүмкін, экипаж құрамында қазақстандық ғарышкер болады. Кадр табылады, бізде бұл қадамға дайын мамандар көп ", — деген Айдын Айымбетовтың сөзін келтірген еді БАҚ.  

Қазіргі уақытта Айдын Айымбетов "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компания" АҚ вице-президенті лауазымында. Бұл компания жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесі және дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы болып табылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір