• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 04:19:29
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2018 NEWS

Ғалымдар теңіз жағасындағы барлық қалалар су астында қалатынын айтты

Әлемдегі су жағасында орналасқан қалалардың барлығын дерлік су басып кетеді

Америкалық зерттеушілердің бір тобы осы ғасырдың соңына дейін әлемдегі су жағасында орналасқан қалалардың барлығын дерлік су басып кетеді деген болжам жасады. Ғалымдардың осындай болжамдары жазылған Proceedings of the National Academy of Sciences  журналында жарияланған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лента.ру-ға сілтеме беріп хабарлайды.

Мамандар соңғы  25 жылда жасанды серіктерден алынған мәліметтерді теңіздің деңгейінің өсуін болжау үшін қолданған. Белгілі болғандай, 1993 жылдан бері Әлем мұхитының су деңгейі жыл сайын 0,084 миллиметрге дейін өскен. Демек, 2005-2100 жыл аралығында мұхит деңгейі 65 сантиметрге дейін көтеріледі.

 Оңтүстік Флорида, Бангладеш, Шанхай, Вашингтонның бір бөлігін жаһандық жылыну салдарынан Гренландия мен Антарктида мұздықтары еріп апаттық  жағдай қалыптасады дейді мамандар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір