• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:47:58
Алматы
+35°

11 Желтоқсан, 2017 Әлеумет

Ғалымдар құпия ғаламшардың қайда орналасқанын айтты

Астрономдар жұмбаққа толы Нибури ғаламшарын іздеу барысында ауқымды зерттеу жүргізді.

Жаңа Зеландия ғалымдары тоғызыншы ғаламшарды Күн жүйесінен тыс аймақтан іздеу керектігін айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Менің зерттеулерім ғаламшар жайлы толық ақпарат бермесе де, ол ғаламшар мүлдем жоқ деген сөз емес», - деді Виктория университетінің астрономы Кори Шенкман.

Астрономдар тоғызыншы Нибиру ғаламшарын іздеу барысында ауқымды зерттеу жүргізді, алайда іздеу жұмыстары сәтті аяқтала қоймады.

Бұдан бұрын NASA жақын уақытта Жер бетін ешқандай апат күтіп тұрмағанын және біздің ғаламшар мен Нибури алдағы екі мың жылда соқтығыспайтынын мәлімдеген.

NASA зерттеушілерінің болжамына сүйенсек, Нибиру ғаламшары жерге қарағанда Күннен 28 есе алыс қашықтықта орналасқан. Ал Күн жүйесімен 3600 жылда бір рет қиылысады.   

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір