• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:14:47
Алматы
+35°

12 Қазан, 2017 Әлеумет

Ғалымдар: Макарон нәзік жандылардың жүрегіне зиян

Макарон өнімдерін көп пайдалану нәзік жандылардың денсаулығына зиян.

Милан ғалымдары макарон өнімдерін пайдалану нәзік жандыларда жүрек-қан тамыр ауруларының даму қаупін ұлғайтатынын анықтады. Тәжірибе аясында мамандар 47 мың ер мен әйелдің диеталарының ерекшелігін салыстырып көрді. Зерттеушілерде олардың медициналық карталарындағы ақпарат та болған. 

Нәтижесінде макарон өнімдерін пайдаланатын әйелдер осындай тағамды пайдаланған ерлерге қарағанда жүрек дерттерінен екі есе көп зардап шеккені анықталған. 
Мамандардың пайымынша, макарон өнімдері ағзада қорытылып үлгермейді. Сөйтіп, қандағы қант көлемінің артуына әкеледі.

Әйел ағзасында эстрогеннің әрекетімен қандағы глюкоза деңгейінің көтерілуі процесі белсенді болады. Сондықтан, макарон өнімдерін көп пайдалану нәзік жандылардың денсаулығына зиян.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір