• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:52:38
Алматы
+35°

18 Ақпан, 2018 Денсаулық

Ғалымдар ер адамдардың не үшін ерте қайтыс болатынын айтты

Зерттеуді жасаған ғалымдар 11 жыл бойы 4590 жалғыз басты аналар мен 891 жалғызбасты әкелердің бақылаған

Торонто университетінің ғалымдарының мәлімдеуінше, жалғызбасты әкелер баланы жалғыз тәрбиелейтін аналарға қарағанда мезгілінен бұрын қайтыс болады. Бұл жайында Life.ru хабарлайды.

Ал оның себебі әлі толықтай ашылмай отыр. "Көп жағдайда ер адамдардың салауатты өмір салтын ұстанбауынан және дәрігердің көмегін қабылдамаудан",- дейді ғалымдар. 

Зерттеуді жасаған ғалымдар 11 жыл бойы 4590 жалғызбасты аналар мен 891 жалғызбасты әкелердің бақылаған. Барлығы канадалық және орташа жас – 40 жас. 700 әйел бақылау кезінде көз жұмған. Ал жалғызбасты әкелердің саны бұл көрсеткіштен екі есе көп.

Осыған қарап ер адам серігі қайтыс болса немесе әйелімен ажырасқан жағдайда күйзеліске  түсетінін айтуға болады.

Ғалымдардың айтуынша, жалғызбасты ер адамдар тез тамаққа құмар болады. Ал ол өлімнің себебін арттырады. Және спортпен шұғылданудан бас тартады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір