• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Мамыр, 20:31:13
Алматы
+35°

26 Қыркүйек, 2017 Оқиғалар

Германиядағы Парламент сайлауы: еуроскептицизм

2017 жылдың 24 қыркүйегінде Германияда 19-шы рет федералды Бундестагтың Парламент сайлауы өткізілді

2017 жылдың 24 қыркүйегінде Германияда 19-шы рет федералды Бундестагтың Парламент сайлауы өткізілді. Exit poll нәтижесі бойынша Бундестагтағы 690 орынның 33%-ы Ангела Меркель басшылық ететін ХДП партиясына (Христиан Демократиялық Партиясы), 20,6%-ы бұрынғы Еуропарламент  депутаты Мартин Щульц басшылығындағы социал-демократтарға бұйырса, үшінші көпшілік 12,6% дауыс көрсеткішімен оңшыл популисттердің «Германия үшін Альтернатива» партиясына бұйырды. Қалған 206 орын сәйкесінше парламентке кіруге қажетті пайыздық межедан аса алған партиялар – либералды Тәуелсіз Демократиялық Партия (ТДП), Солшылдар партиясы мен Жасыл партия иеленді.

Әзірше, бұл нәтиже алғаш рет Парламентке еніп отырған оңшылдардың «Германия үшін Альтернатива» партиясын ғана қуантып отыр. «Біз бұл сайлауда халықтың көпшілік дауысын ие болғанымызбен, күткеніміз бұдан жоғары еді» - деп мәлімдеді ХДП басшысы Меркель ханым. Көпшіліктің дауысы бойынша екінші орынды иеленген СДП-ның басшысы да өз ойын жасырмады. Екінші дүниежізілік соғыстан бері алғаш рет мұндай төмен көрсеткішке ие болған социал-демократтар басшысы бұл сайлауда жеңіліс тапқандарын мойындады. Атап айтқанд,  бұл сайлау солшылдарды да абыржытып тастады. Олардың бұрынғы сайлауға қарағандағы нәтижелері аздап жоғарыласа да, 12% дауыспен иеленіп отырған үшінші орыннан олардың алтыншы орынға түскендері партия қолдаушыларына ұнамағаны айқын.  

Консерваторлар блогы (ХДП) көпшілік дауысқа ие болғанымен, олардың көрсеткіші үкімет құру үшін төмен болып тұр. Осы ретте, социал-демократтар өздерінің оппозиция құрамына кететіндіктерін мәлімдесе, оңшылдар әлден құрылмаған үкіметке қарсы тұратындарын жеткізді. «Парламенттің үшінші үлкен күшіне айналып отырғандығымыздан, біз үкіметке қарсы «аңшылық» жариялаймыз. Ең бірінші кезекте, Меркель ханымды көзден таса қылмаймыз және халқымызды өзімізге қайта қайтарамыз»-деді. Еуроскепцистік саясатты қолдайтын оңшылдар партиясы еуро одақтан шығу мен Ресейге салынған санкцияларды алып тастау секілді радикалды ұсыныстарының арқасында басқа партиялармен ұлтшыл-популисттік деп сыналып тасталған болатын. Бүгінде, украиналық басылымдармен «проресейлік» деп сыналып жатқан партияға қарсы Берлинде, германиялық Spiegel.de мәлімдеуінше,  демонстранттар шеруі өтіп үлгерді. Солшылдармен қосқандағы Бундестагдың мұндай оппозициялық құрамымен Меркель ханымға Жасылдар мен Либералдар партияларымен бірігіп, коалиция құруына тура келетін секілді.

Айта кетсек, «Германия үшін Альтернатива» партиясының алғаш рет Парламент құрамына енуі осы сайлаудың үлкен SHOK жаңалығы болып отыр. Себебі, 2013 жылғы Парламент сайлауындағы көрсеткіші 4,5%-ды құрап, Бундестаг құрамына ене алмаған. Олардың биыл Парламент құрамына еніп қана қоймай, мемлекеттегі үшінші ірі саяси күшке айналғандығы Еуропаның мигранттарға қатысты саясатына байланысты күшейген еуроскептицистік көңіл-күй тарауының нәтижесі болып отыр. Сол секілді, 2016-жылғы Ұлыбританиядағы Brexit-ке қатысты референдум нәтижесінде де үкіметке еуроскептицисті консервативті партия келген болатын. Ал Франциядағы биылғы президент сайлауында еуроскепцистік Оңшыл партия басшысы Марин Ле Пен халықтың 40% дауысын жинаған болатын.

Esim Qasymqan

Zamira Pulatova

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір