• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:59:49
Алматы
+35°

11 Желтоқсан, 2017 Оқиғалар

Германияда Қырғызстанның экс-президентіне жұмыртқа лақтырды (видео)

Kyrgyz Club Germany қауымдастығының басшысы Бақыт Көбегенов жұмыртқа лақтырған адамды танымайтынын айтты

Германияда отандастарымен кездесуі кезінде Қырғызстанның тұңғыш президенті, 2005 жылғы қызғалдақ революциясы нәтижесінде биліктен кетірілген Асқар Ақаевқа жұмыртқа лақтырған. Бұл оқиғадан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттықтың Қырғыз қызметіне сілтеме  жасап.

Kyrgyz Club Germany ұйымдастырған отандастармен кездесуге Асқар Ақаев зайыбы Майрам және қызы Берметпен бірге барған. Кездесуге келгендердің кейбірі Ақаевтың мұнда келгеніне наразы болған. Қатысушылардың бірі экс-президенттен қырғыз тілінде сөйлеуді талап еткен. Ақаев оған Германия тәрізді демократиялық елде жүргендіктен қалаған тілінде сөйлейтінін айтып жауап берген.

Видеода кездесуге қатысқан бірнеше адамның "Ақаев кет!" деген жазу ұстап тұрғаны көрінеді. Асқар Ақаев сұрақтарға жауап беруден бас тартып кетуге ыңғайланған сәтте сол жерде тұрған ер адамдардың бірі оған жұмыртқа лақтырған. Мұнан соң әлгі адам мен Бермет Ақаева сөзге келіп қалған. Бұл оқиғаға сол маңда тұрған полиция қызметкерлері араласып, екі тарапты да сабасына түсірген.

Шараны ұйымдастырған Kyrgyz Club Germany қауымдастығының басшысы Бақыт Көбегенов жұмыртқа лақтырған адамды танымайтынын айтып, онымен полиция әңгіме өткізетіні туралы хабарлаған.

2005 жылғы наурыздағы революцияда кейін Аскар Ақаев отбасымен бірге Мәскеуге қашып барған. Қазір ол сонда ғылым саласында және оқытушы болып еңбек етеді. Ақаевтан кейін Қырғызстанда билік басына келген Құрманбек Бакиев 2010 жылы сәуірдегі революция нәтижесінде биліктен бас тартып, шетелге қашуға мәжбүр болған. Ол қазір Минскіде тұрып жатыр. Бакиевті биліктен қуған соң Қырғызстанды уақытша үкімет басқарып, Роза Отунбаева өтпелі кезең президенті болып тағайындалған. 2011 жылы Роза Отунбаева билікті жалпыхалықтық сайлау арқылы президент қызметіне жаңадан сайланған Алмазбек Атамбаевқа өткізген. Конституцияға сәйкес, алты жылдық қызмет өкілеті аяқталғаннан кейін Атамбаев биылғы президент сайлауында жеңіске жеткен Сооронбай Жээнбокевке билікті тапсырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір