• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:20:28
Алматы
+35°

06 Қаңтар, 2018 Спорт

Футболшы Самат Смақов «Ақтөбе» клубының бас директоры болды

Бұл шешімді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі қабылдаған. Жаңа бас директор қызметіне бүгіннен бастап кірісті.

«Ақтөбе» футбол клубының бас директоры болып Самат Смақов тағайындалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

KazFootball.kz сайтының мәліметінше, бұл шешімді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі қабылдаған. Жаңа бас директор қызметіне бүгіннен бастап кірісті.

Клубтың бұрынғы директоры Мақсат Тюмалиев 4 қаңтарда қызметінен кетті.

Қазақстанның ең үздік футболшыларының бірі Самат Смақов:

- 2000 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстанның олимпиялық құрамамында өнер көрсетті.

- Құрамы командасында алғашқы ойыны 2000 жылы наурыздың 31 -інде Иордания командасымен өтті.

- Қазақстан Ұлттық құрамасында 62 ойын өткізіп, 2 доп соққан.

- Қазақстан құрамасында ең көп ойын өткізу жағынан Руслан Балтиевтен кейінгі екінші орында.

- Ұлттық құрамадағы алғашқы добын 2007 жылдың қыркүйегінде Бельгия құрамасына соқты.

- 2011 жылы Ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтыны жайлы шешiм қабылдады.

- 2014 жылы Ұлттық құрамаға қайта оралды.

- ЕВРО-2016 iрiктеу додасының аясында, Түркияға қарсы өткен ойында Самат өзiнiң құрама сапындағы 2-шi голын соқты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір