• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:11:38
+35°

19 Қазан, 2017 Спорт

Футболдан халықаралық турнир өтеді

24 команда бақ сынайтын жарыстың жүлде қоры 2 миллион теңге.

 21-22 қазан күндері Алматы қаласы  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың спорт кешенінде «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен шағын футболдан дәстүрлі «ER JANIBEK CUP-2017» халықаралық турнирі өтеді, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Биылғы кубок белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдық мерейтойына және Алашорда қозғалысының 100 жылдығына арналып отыр.           

Шағын футболдан өтетін халықаралық турнирдің мақсаты –  Қазақ әдебиеті ғылымына өлшеусіз үлес қосқан зерделі ғалым, қазақ әдебиеті сынының көрнекті өкілі, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтың еңбегі мен өнегелі өмірін жастарға үлгі ету. Сондай-ақ, шетелде тұратын қазақ жастарына Тәуелсіз қазақ елінің  тыныс-тіршілігін таныстыру, спорттық ойын арқылы атажұртымен мәдени-рухани байланысын нығайтуды мақсат етеді.

«Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының «ER JANIBEK CUP» турнирі  – биыл ІІІ рет өткізілгелі отыр. 24 команда бақ сынайтын жарыстың жүлде қоры 2 миллион теңге. Дүниежүзі қазақ жастарын шақырған футбол турниріне Франция, Түркия, Қытай, Ресей (Омбы, Саратов қалаларынан), Моңғолия, Иран, Өзбекстан және Қырғызстанда тұратын қазақ жастарынан құралған футбол командалары қатысады. Сонымен қатар, Алматы мен Астана қалаларынан және еліміздің әр облысынан келетін спортшылар ойын көрсетеді.

Турнирге Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімшілігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қолдау көрсетіп отыр. Турнир кезінде шағын этноауыл тігіліп, қолөнер көрмесі өтетінін де хабарлаймыз!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір