• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:07:16
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 Саясат

Францияның бұрынғы президенті Назарбаевқа алғыс айтты

Франсуа Олланд кездесуге мүмкіндік бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, бірнеше мәселені талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумына қатысуға келгені үшін Франсуа Олландқа ризашылық білдірді,-деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

– Сіз Президент кезіңізде біздің елде ресми сапармен болған едіңіз. Соның нәтижесінде ынтымақтастығымызды дамыту үшін жақсы жағдай жасадық, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан мен Франция арасындағы байланыстар, соның ішінде «жасыл» технологиялар саласындағы ықпалдастық нығайып келе жатқанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев баламалы энергетиканы дамыту үшін Қазақстан тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар, соның ішінде «ЭКСПО-2017» кешенінің базасында құрылатын «Жасыл» экономика орталығы жөнінде әңгімеледі.

Франсуа Олланд кездесуге мүмкіндік бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, Қазақстан Президентінің мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір