• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:06:39
Алматы
+35°

22 Қаңтар, 2018 Әлем

Франция EХРО-2025 халықаралық көрмесін өткізуден бас тартты

Францияның шешімінен кейін Ресей, Жапония және Әзірбайжан EХРО-2025 көрмесін өткізуге үміткер болды

Франция EХРО-2025 халықаралық көрмесін өткізуден бас тартты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік басылымның мәліметіне сүйеніп.

Елдің премьер-министрі Эдуар Филипптің хатында айтылғандай, мұндай шешімнің қабылдануына қаржылық қиындықтар себеп болған. Хатта іс-шараны өткізуге бизнес серіктестердің жетіспеушілігі туралы айтылған.

Франция EХРО-2025 халықаралық көрмесін өткізу туралы өтінішін 2017 жылдың қыркүйек айында жолдаған. Онда көрмені тамашалауға 35 миллионнан 65 миллион адамға дейін келе алатыны да хабарланды.

Миланда өткен EХРО-2015 көрмесіне 20 млн-ға жуық адам келген.

Францияның шешімінен кейін Ресей, Жапония және Әзірбайжан EХРО-2025 көрмесін өткізуге үміткер болды. Жеңімпаз 2018 жылдың қарашасында белгілі болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір