• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:09:54
Алматы
+35°

Өзбекстанның Ферғана облысы «Навбахор» ауылының тұрғыны 56 жастағы әкесінің басын кетпенмен шауып алған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Сentralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы жағдай әке мен бала арасындағы жанжалдан болған.

Оқиға 10 сәуірде болған. Көршісі 56 жастағы Дадажон Кучкаровтың ауруханада көз жұмғанын айтады.

"10 сәуірде әкесі мен ұлы картоп қазуға бақшаға кеткен. Онда екеуінің арасында жанжал туындаған. 30 жастағы ұлы әкесін кетпенмен ұрған. Ұлы оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір оны іздеп жатыр. Дадажон-әка өзіне келместен, ауруханада көз жұмды. 11 сәуірде оны жерледі," – дейді көршісі.

«Навбахор» ауылы тұрғынының бірі марқұм Дадажон Кучкаровтың өте қатыгез болғанын, ұлын жиі ұратынын айтады.

"Біз бір ауылда тұрамыз. Оның отбасындағы жанжалдың жиі куәсі болдым. Марқұм Дадажон-әканың бір ұлы, екі қызы болды. Қыздары Ресейге жұмыс істеуге кеткен. Ол кішкентай кезінен ұлын жиі ұратын. Бұл баланың жүйкесіне кері әсерін тигізді," – дейді ол.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір