• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:16:08
+35°

11 Шілде, 2017 NEWS

Facebook табысы төмен 150 отбасына пәтер салып бермек

Facebook табысы төмен 150 отбасына пәтер салып бермек деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі

Facebook табысы төмен 150 отбасына пәтер салып бермек деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі stan.kz-ке сілтеме жасай отырып. Ол танымал әлеуметтік желінің штаб-пәтерінің маңында орналаспақ. Мәселе Фейсбук компаниясы штаб-пәтерінің даму жоспары таныстырылған кезде туындады.

Оны компания әкімшілігі Менло-Парк қаласы әкімішілігіне ұсынған еді. Компания жаңа тұрғызылатын корпусқа 6 500 адамды жұмысқа алу мақсатын қойған екен.

Алайда қала тұрғындары әкімшіліктің құрылыс жұмыстарына рұқсат беруіне қарсы шығып отыр. Олардың пікірінше, шағын қалада қосымша 1 500 пәтерлі тұрғын үй салу онсыз да баспанасыздар көп қала тұрғындарын ашындырып алуы мүмкін.

Бұған жауап ретінде Facebook компаниясы тұрғызылар көппәтерлі үйлердің 15 пайызын табысы төмен отбасыларға үлестіріп беру жайын ұсынды. Бұған қоса қала инфрақұрылымына инвестиция тартып береміз деп отыр. Компанияның бұл ұсынысынан қала билігі бас тарта алмай, қабылдаған көрінеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір