• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:57:21
Алматы
+35°

16 Қаңтар, 2018 NEWS

Facebook акцияларының бағасы 3,9 пайызға төмендеді

Facebook-тің акциялары 3,9% арзандап, 2,9 миллиард АҚШ доллары көлемінде шығын келді.

Цукерберг жұма Facebook-те жаңалық қалыптастыру алгоритмін өзгертуге ниет білдіргеннен кейін компания акцияларының бағасы 3,9 пайызға төмендеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасай отырып.

Естеріңізде болса, жұма күні Марк Цукерберг жаңалықтар лентасының өзгеретінін хабарлаған еді. «Алғашқы өзгерістер жаңалықтар таспасына қатысты болмақ. Сіздер (қолданушылар) ол жерден достарыңыз, отбасыңыз және топтар туралы ақпаратты жиі көретін боласыздар. Себебі, біз осы жоспарды бірінші орынға қоймақпыз. Ал, компаниялардың, брендтер мен БАҚ-тың жариялаған материалдары таспадан сирек көрінеді», - деп жазды Цукерберг өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осыдан соң Facebook-тің акциялары 3,9% арзандап, 2,9 миллиард АҚШ доллары көлемінде шығын келді.

Bloomberg Billionaires Index агенттігінің мәліметінше, осы өзгерістен кейін оның байлығы 77,3 миллиард доллардан 74,4 миллиард долларға дейін кеміді.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір