• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:22:28
Алматы
+35°

17 Қазан, 2017 NEWS

ЕХРО 2017 нысандары енді қандай мақсатта қолданылмақ?

ЕХРО 2017 мұрасын көрмеден кейін пайдалану бойынша негізгі бағыттардың бірі – «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы

ЕХРО 2017 мұрасын көрмеден кейін пайдалану бойынша негізгі бағыттардың бірі – «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру. Ол ағылшын құқығы қағидаларына негізделіп, жеңілдігі бар салық тәртібі мен тәуелсіз қаржы сотына ие болады. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстанның қаржы инфрақұрылымының өзегіне айналып, бүкіл Орталық Азия өңірінің қаржылық хабы болмақ. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сүйене отырып жазады.

Білім беру орталығы

«Job World» – «Адам ресурстарын дамыту бойынша білім беру орталығы» – әлемнің (Оңтүстік Корея, АҚШ) үздік тәжірибелері бойынша жұмыс істейді. Жоба жасөспірімдерге жоғары технологиялы салалардағы мамандықтарды таңдауға көмектеседі, сондай-ақ кәсіби дағдыларға машықтап, оларды шынайы өмірде қолдануға үйретеді. Орталықтың ұраны – «Арманда және іске асыр».

Көрме кешені

Көрме кешені жұмысында ЕХРО 2017-нің бірегей тәжірибесі, ыңғайлы көлік-логистикалық инфрақұрылымы және кәсіби қызметкерлері негізге алынады. Мәдени және іскерлік шаралар Конгресс-Орталығы мен Энергия Холында ғана емес, Көрме кешенінде де өткізілетін болады.

IT-технопаркі

Халықаралық IT-технопаркі IT-индустриясы саласының мамандары мен инвесторларын тартуға арналған Қазақстандағы алғашқы бәсекеге қабілетті алаң құруға мүмкіндік береді. Онда стартаптарға және әлем мойындаған «ойыншыларға» арналған инновациялық экожүйе қарастырылған. Болашақта Қазақстандағы IT-технопаркі Орталық Азиядағы жоғары технологиялардың генераторы бола алады.

Жасыл технологиялар орталығы

Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту бойынша халықаралық орталықты құру идеясын ҚР Президенті Н. Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясында айтқан болатын. Бұл Орталық жасыл технологиялар, инновациялар мен әлемдік деңгейдегі технологиялар трансфертін әзірлеу мен енгізу бойынша халықаралық хабқа айналады.

Энергия Холы

Энергия Холы ресми және арнайы іс-шараларды өткізу орны ретінде пайдалынылады. Көрме кешені аумағында орналасқан ғимараттың залы 868 көрерменге арналған. Энергия Холында «The Great Gatsby ballet» қойылымы, «Артист» киноконцерті, «Jazzia» фестивалі, «The Spirit of Tengri», «Magic of Nomads» және т.б. әлемдік деңгейдегі шаралар өтті.

«Нұр Әлем» павильоны

«Нұр Әлем» – әлем бойынша сфера пішінді жалғыз ғимарат, оның диаметрі 80 м құрайды. «Нұр Әлем» павильоны – құрылымы бірегей және электр энергиясын өндіру технологиясы айрықша нысан, сондай-ақ «Болашақ энергиясы» ғимаратының мінсіз үлгісі. Нысанның бірінші қабатында Қазақстанның ұлттық павильоны орналасса, 2-8 қабаттары энергияның алуан түрін паш етуге арналды. Енді ЕХРО 2017 негізгі нысаны мұражай ретінде есігін айқара ашады. Конгресс-орталығы Бұл нысан ауқымды мәдени және іскерлік шараларды өткізуге арналған Қазақстандағы ең ірі және көпфункционалды ғимарат. Онда әлем мемлекеттерінің басшылары қатысқан ЕХРО 2017 көрмесінің ашылу және жабылу салтанаты өткізілген болатын.

Конгресс-орталығы

Бұл нысан ауқымды мәдени және іскерлік шараларды өткізуге арналған Қазақстандағы ең ірі және көпфункционалды ғимарат. Онда әлем мемлекеттерінің басшылары қатысқан ЕХРО 2017 көрмесінің ашылу және жабылу салтанаты өткізілген болатын. Конгресс-орталығы халықаралық конференциялар, симпозиумдар, қойылымдар, концерттер мен ресми іс-шаралар өткізуге ыңғайлы. Конгресс-орталығына 3500 адам сыяды.

Арт-орталығы

Арт-орталығы заманауи өнер саласындағы тың идеялар мен дискурстарды зерттеуге бағытталған. Оның негізгі екі міндеті – өнерге баулу және білім беру.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір