• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:53:06
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2018 NEWS

«Еуропалық Одақ – Қазақстан: ширек ғасыр ынтымақтастық» фильмі көрсетілді

Астанада «Еуропалық Одақ – Қазақстан: ширек ғасыр ынтымақтастық» деректі фильмі көрсетілді

Астанада «Еуропалық Одақ – Қазақстан: ширек ғасыр ынтымақтастық» деректі фильмі көрсетілді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25-жылдығына орай «Еуропалық Одақ – Қазақстан: ширек ғасыр ынтымақтастық» деректі фильмінің көрсетілімі өтті. Деректі фильм Қазақстандағы ЕО Өкілдігімен ҚР Сыртқы істер министрлігінің және Еуропалық сыртқы істер қызметінің қолдауымен мемлекеттік тілде дайындалды.

Деректі фильмде ынтымақтастықтың ширек ғасырлық тарихы басты оқиғалар тізбегімен баяндалады. Атап айтқанда Қазақстан сыртқы саясатының қалыптасуы, алғаш еуропалық инвестициялардың келуі, «Еуропаға жол» бағдарламасы, қауіпсіздік, экономика, білім беру, мәдениет саласында серіктестіктің дамуы, Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қою, Еуроодақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясын әзірлеу. 

Көрсетілім алдында баспасөз конференциясы өтіп, Қазақстандағы ЕО Елшісі Траян Христеа, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, 2001-2003 жж. Бельгия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасы Елшісі, тұңғыш ҚР Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов сөз сөйледі.

Қазақстандағы ЕО Елшісі Траян Христеа: "Біз дүрбелең геосаяси өзгерістер мен жалпы адамзат құндылықтары шеткері болып немесе ұмытылып жатқан әлем замандастарымыз. Сондықтан қатынастарымыздың ширек ғасыр тарихы ортақ құндылықтар мен мүдделерге негізделген екіжақты қарым-қатынастардың алдағы көптеген жылдары үшін маңызды тұғырнамасы болатынына сенімдімін", - деп атап өтті.

Фильмнің негізінде - Еуропалық Комиссияның мұрағаттық бейнежазбалары, ынтымақтастық дамуының куәгерлері мен тікелей қатысушылардың эксклюзивті сұхбаттары (ЕО Сыртқы саясат жөніндегі комиссары Бенита Ферреро-Вальднер, Орталық Азия бойынша ЕО Арнайы өкілі Петер Буриан, Еуропарламент депутаты Ивета Григуле-Петерсе, тұңғыш ҚР Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов, Бельгиядағы ҚР Елшісі Алмаз Хамзаев, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің бұрынғы және қазіргі басшылары және көптеген басқалары). Фильм кейіпкерлері естеліктерімен, жұмыс барысында есінде қалған сәттермен, сонымен қатар, Еуропа мен Қазақстан рөлі және өзара қабылдауы, еуропалық және қазақстандық дипломатия арасындағы айырмашылықтар туралы ойларымен бөліседі.

Айта кетсек, Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасының арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге (КӘЫК) 2015 жылдың 21 желтоқсанында қол қойылған болатын.  КӘЫК-нің негізгі бөлімдері 2016 жылдың 1 мамырынан бастап уақытша жүзеге асырыла бастады. Келісім 29 саладағы ықпалдастық аясын кеңейтіп, ЕО мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі, жұмыспен қамту, еңбек қатынастары, мәдениет, білім және ғылыми зерттеу салаларындағы ықпалдастыққа жол ашты. 1991-2014 жж. аралығында ЕО Қазақстанда жалпы сомасы 180 млн құрайтын 350-ден астам жобаны тікелей қаржыландырды. Бұл жобалар ҚР Үкіметінің әр түрлі министрліктері, ведомстволары мен комитеттеріне саяси кеңес және техникалық көмекке бағытталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір