• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:05:05
Алматы
+35°

09 Шілде, 2018 NEWS

Еуропадағы ең қарт адам қайтыс болды

Ол жапониялық Тие Миякодан кейінгі планетадағы ең ұзақ жасаған екінші адам.

Еуропаның ең қарт әжесі, Италия тұрғыны 117 жасқа келіп қайтыс болды. Бұл туралы РИА Новости италиялық Ansa ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Джузеппина Проетто-Фрау 6 шілдеде Флоренция провинциясындағы Монтелупо-Фьорентино коммунасында 116 жас 37 күн толғанда көз жұмған.

Айта кетерлігі, ол жапониялық Тие Миякодан кейінгі планетадағы ең ұзақ жасаған екінші адам.

Ал биыл мамырда британиялық Бесси Камм 113 жасында қайтыс болған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір