• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 04:54:33
Алматы
+35°

21 Маусым, 2018 Әлем

Еуропада ең көп сатылатын автокөліктер аталды

2018 жылы ең көп сатылған автокөліктердің қатарына Ford Fiesta, Nissan Qashqai, Skoda Octavia, Volkswagen Tiguan бар.

Аналитиктер 2018 жылдың қаңтар-мамыр арасында Еуропаның 44 елінде ең көп сатылған автокөліктерді атады. Ол елдердің ішінде Ресей мен Украина, Түркия мен Молдова да бар. Бұл жайында RNS хабарлады.

Бірінші орында Volkswagen Golf тұр. Көрсетілген айлар арасында 243 мың данасы сатылған. 2017 жылмен салыстырғанда сату көрсеткіші 8,1 пайызға артқан. Екінші орында VW Polo автокөлігі тұр. Сатылым – 161 мың дана, 3,6 пайызға төмендеген. Үшінші орында Renault Clio автокөлігі тұр. Бұл көліктің де 161 мың данасы сатылған, ал сатылым 0,3 пайызға артқан.

2018 жылы ең көп сатылған автокөліктердің қатарына Ford Fiesta, Nissan Qashqai, Skoda Octavia, Volkswagen Tiguan  бар.

Сонымен қатар сатылымдағы үздік ондықта 117 мың дана сатылған Ford Focus пен 113 мың дана сатылған Peugeot 208 бен Citroen C3 автокөлігі бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір