• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:50:24
Алматы
+35°

11 Шілде, 2018 NEWS

Еуропа мен Азияның радио басшылары Астанада

Еуропа мен Азия басшылары тәжірибе алмасып, радио саласын дамыту бойынша ой бөлісу үшін Астанада бас қосты

Еуропа мен Азия басшылары тәжірибе алмасып, радио саласын дамыту бойынша ой бөлісу үшін Астанада бас қосты.

Бас қаладағы Қазмедиа орталығында «Азия медиа диалогы» атты халықаралық шара өтіп жатыр. Шарада Орта Азиядағы радионың бүгіні мен ертеңі, медиа саласындағы ортақ мәселелер талқыланбақ. Аудиторияны зерттеу, радио форматын қалыптастыру, озық тәжірибелерді ескеріп, телерадиохабар тарату саласын заманға лайық дамыту мәселелерін қаузау үшін 40 елден 150-ге жуық сарапшы келді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлім етті.

Түркияның ТРТ радиосы шілденің 9 күні «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫМЕН» бейресми кездесу өткізді. Көршілес елдегі радио саласының мамандары Этноауылды көріп, қазақтың салт-дәстүрімен кеңінен танысты. Этноауылдағы «Бәйге», «Теңге ілу», «Көкпар» сынды ұлттық ойындарға қатысатын салым аттары мен сайыс аттарын көріп, біздің құндылыққа деген қызығушылығымызға таңдана қарап, Түркиядағы ұлттық спортты қолға алып, дамытып жатқанына 8 жыл болғанын айтты.

Түркия радиолары басқармасының басшысы Ахмет Акчакая: «Бізді «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫНДАҒЫ»  әлеуметтік желідегі жұмысы қызықтырып отыр. Интернеттің радио имиджіне берер пайдасын көріп, болашақта осы салада міндетті түрде тәжірибе алмасатынымызды айтқымыз келеді. Ал, біздің осы елге келген басты мақсатымыз – Түркия радиолары мен «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» арасында ынтымақтастық орнату»,- дейді.

Айта кетейік, мамырда «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» серіктестігінің басшысы Мәди Манатбекұлы бастаған делегация Түркияға барып, Малатия қаласында Түркия елдері радио фестивалінің құрметті қонағы болды. Сол жерде басталған достық, ынтамақтастық елордамызда өз жалғасын тауып отыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір