• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:19:26
+35°

23 Мамыр, 2018 NEWS

Еуразия Медиа Форумының ашылуында Алматы әкімі қазақ тілінде сөз сөйледі

Өз сөзінде қала әкімі Форумды ұйымдастыру комитетіне және Дариға Нұрсұлтанқызына жеке алғыз білдірді

Еуразия Медиа Форумының ашылуында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қазақ тілінде сөз сөйледі.

«Қонақжай қазақ жеріне қош келдіңіздер! Бүгін сіздермен 15 Еуразия Медиа Форумында жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Ең алғаш осыдан 16 жыл бұрын 2002 жылы Елбасының қолдауымен Алматы қаласында Еуразиялық Медиа Форумының тұсауы кесілген болатын. Бүгінде форум халықаралық Медиа кеңістіктің күн тәртібіндегі мәселерді талқылау мен оңтайлы шешім ұсынуда, Батыс пен Шығысты бір арнаға тоғыстырған бірегей алаңға айналды. Осынау ауқымды басқосудың Алматыда өтуі біз үшін үлкен мәртебе. Себебі, Форум бір ел ғана емес, бүкіләлемдік қауымдастық үшін күн тәртібінде тұрған мәселелерді танымал айтулы журналистердің, қоғам және саяси қайраткерлердің, сарапшылардың талқылауымен ерекшеленеді», - дейді Бауыржан Байбек.

Өз сөзінде қала әкімі Форумды ұйымдастыру комитетіне және Дариға Нұрсұлтанқызына жеке алғыз білдірді.

«Алматы, Елбасы айтқандай, тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Мың жылдық тарихы бар шаһар, еліміздің мәдени-спорттық, қаржы-экономикалық және іскерлік орталығы. Әлемдік деңгейдегі басқосулар мен келіссөздер қаланған Орталық Азиядағы ірі мегаполис. Елімізге келген әрбір екінші шетелдік турист арнайы ат басын бұратын аймақтарды көру орталығы. Мұнда шетелдік ұйымдар мен трансұлттық компаниялардың басым-көршілігінің офистері, еліміздегі бірлескен компаниялардың 43 пайызы орналасқан.

Қала экономикасында сауда-саттық, қаржы және басқа да қызметтердің үлесі 86 пайызды, экономиканың алтын өзегі шағын және орта бизнестің үлесі 34 пайызды құрайды. 4000-нан астам Үкіметтік емес ұйымдар және 1000-нан астам бұқаралық ақпарат құралдары қызмет етеді. 2016 жылы ЮНЕСКО көлемінде Алматының мың жылдық мерейтойы, өткен жылы бүкіләлемдік 28 Универсиада ойындары жоғары деңгейде өтті», - деді Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, жыл басынан бері Алматы экономикалық-ынтымақтастық және «Даму» ұйымының Еуразиялық апталығы, Еуразиялық экономикалық одақтың форумы, БҰҰ Қазақстан қызметінің 25 жылдығына арналған кеңесі ұйымдастырылды.

Алматы әкімі, сонымен қатар, биыл қазан айында Дүниежүзі Денсаулық сақтау ұйымының Алматы декларациясының 40 жылдығына орай іс-шаралар ұйымдастырылатынын айтып өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір