19Ақпан

Ет емес, шүберек жеңдер...

Ет емес, шүберек жеңдер...
Ⓒашық дереккөз

Базардан әйелім сала құлаш болмаса да, менің білегімдей жылқының қазысын әкелген. Тәбетіміз тәрелке іздеп кетті. Ет асылып, дастархан басындағы балаларымның жаланып отырған түрлеріне бір қарап қойып, қазыны турай бастадым. Шүберек шықты. Әйеліме қарадым. Әйелім иығын көтерді.

– Мә, шүберек жеңдер!, – деп майлы шүберекті балапандарымның алдына тастай салдым.
– Шүберек жегіміз келмейді! –деді бәрі хормен. 
Тағы кесе беріп едім, ішінен тілдей қағаз шықты. Хат екен. «Сәлем!» деп жазылыпты. 
– Сәлеметсіз бе? –деді әйелім міңгірлеп.
– Әй, не деп тұрсың?–деп сұрадым мен.
– Сәлемдесіп жатырмын ғой.
Ернімді дүрдитіп, қазының тағы бір бөлігін кесіп едім, тағы бір парақ хат шықты. Дауыстап оқи бастадым: «Сәлеметсіз бе, кім болсаңыз да? Амал жоқ, күн көру керек, бізге ет өткізетін адам бағаны көтеріп жіберді, сосын хат жазып жатқанымыз ғой. Өздеріңде не жаңалық? Ресейде ұшақ құлапты дейді ғой? Рас па? Обал болыпты... Айтпақшы, Ресей біздің елде сынақ алаңын жалға алып, бір зымыранын сынапты дейді? Ресейдің кең даласы жетпегендей. Қараңқалғыр десе... Жыным келеді де... Экологияны құртып... Басынып... О несі ей? Кешіріңіз, саясат менің не теңім...» 

Мен әйеліме, әйелім жәутеңдеп отырған бала–шағасына қарады. Балаларым майлы қазы жегісі келіп, жұтынып өліп барады. Келесі бөлігін кесіп едім, балалар шұлығы шықты. Қуанып кеттім де, екі балама бөліп бердім:
 –Мә, кептіріп, киіп алыңдар! Ии, жеуге болмайды, мынау қайтеді–ей?
 –Шайнама деймін! Аштан өліп барасың ба?–деген әйелім баламыздың аузынан майлы шұлықты жұлып алды. 
 –Мәйкі, іш киім шықса болар еді?–деп кекеттім мен.

24 мың теңгені ғана айналдыратын ең арзан айлығымды алып, бір тойып қалайықшы деп едік, қарашы енді... Тағы хат шықты. Оқып жатырмын: «Айып етпеңіздер, қазыны осылай толтырмасам, қалай күн көремін? Ақша арқалаған шенеуніктердің жемқорлығы аспанға жетті. Елбасы солай деді ғой. Бүйте берсек, біз ел болмаймыз. Олар ақшаны арқалап тасиды! Кедейлер иегін қасиды...»

– Неменеге ақыл айтып кетті мынау қатын?–деген әйелім ернін тістеледі, –әкел бері, базарға барып, сатушы әйелдің бетіне ұрайын!
Әйелім ашуланып, піскен қазыны, шүберектер мен хаттарды сөмкесіне салды да, базарға кетті. Сүт пісірім уақыттан кейін, жүзі жайнап, қайта келді. Ауыстырып беріпті. Пісірмей жатып, ортасынан кесіп көріп едім, ішінен топырақ төгілді. Жартысы қазы, жартысы топырақ...
– О, қасиетіңнен айналайын, қара жер!–деп күбірледім мен,–Сен сатылмайсың! Қазақ барда жер сатылмайды!
Әйелім қазыны сөмкесіне салып, базарға құстай ұшты! Кешікпей, ентігіп, ет жегендей болып, қуанып қайтты. Сөйтсе, әлгі сатушы әйел қасына жұмысқа алыпты! Қазының ішіне шүберек тығатын жұмыс екен. Мен хат жазып әуремін: «О, қазақ елі, ет жемесең де, қайғырма! Көтер еңсеңді! Жылама!»–деп жазып жатырмын, жазып жатырмын!

Мұхтар Шерімнің фейсбук парақшасынан

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


  • 5 күн бұрын

    Нобель сыйлығына лайықты сатира жазушы бұ кісі!

  • 4 күн бұрын

    ИӘ ДҰРЫС АЙТАДЫ ҚАЗІР ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨБЕЙІП БАРА ЖАТЫР

  • 3 күн бұрын

    Енді əйеліңізді ол жерге несіне жұмысқа тұрғыздыңыз??? Солай тапқан ақшаның берекесі болады ма??? Әлде сіз хат жазып беріп отырасыз ба осылай əдемі қылып???

1
ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының дəстүрлі "Баспасөз сыйлығы" табысталды
18/02 22:27 0 57
2
Кастамону қаласында «Мағжан Жұмабаев жылы" салтанатты түрде  ашылды
18/02 22:24 0 74
3
Имамдарға келгенде пакетке салған бір жамбасты сөз қылатындар бар...
18/02 18:48 0 384
Үш жыл бұрын Қазақстанда адам өлтірген ер адам Ресейде ұсталды
18/02 18:45 0 189
Үндістандағы тойда жиырма шақты адам көз жұмды
18/02 18:15 0 297

Таныстырылғандар

Атырау облысында рэкэтпен айналысқан бір топ сәләфит ұсталды
Атырау облысында рэкэтпен айналысқан бір топ сәләфит ұсталды
Атырау облысында рэкэтпен айналысқан бір топ сәләфит ұсталды
Ұсталғандар дәстүрлі емес діни ағым «сәләфизмді» ұстанғандығы анықталды.
06/02/2018 14:04 3 1920
Құлдықта болған әйелдердің қорлықтан құтылғаннан кейінгі өмірі (фото)
Құлдықта болған әйелдердің қорлықтан құтылғаннан кейінгі өмірі (фото)
Құлдықта болған әйелдердің қорлықтан құтылғаннан кейінгі өмірі (фото)
Сергей Строителев жеңгетайлардан жәбір көргендерге көмек көрсетіп, уақытша баспанамен қамтамасыз ететін Rescue  Foundation ұйымына барды
08/02/2018 17:56 0 2382
Олимпиада-2018: Рейхерд, Колмаков пен Галышева могулдан финалға шықты
Олимпиада-2018: Рейхерд, Колмаков пен Галышева могулдан финалға шықты
Олимпиада-2018: Рейхерд, Колмаков пен Галышева могулдан финалға шықты
Ерлер арасындағы сайыста Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков та келесі кезеңгі өтті
09/02/2018 12:51 0 385
Ресейдегі апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар болған жоқ
Ресейдегі апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар болған жоқ
Ресейдегі апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар болған жоқ
11 ақпан күні Ресейде апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында болған жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары жоқ
12/02/2018 00:50 0 194
Исламдағы қасиетті мешітті неге мұсылмандар басып алды? (фото)
Исламдағы қасиетті мешітті неге мұсылмандар басып алды? (фото)
Исламдағы қасиетті мешітті неге мұсылмандар басып алды? (фото)
Әл-Кахтани өзін «Махди», - деп жариялайды. 6 мың тұтқынды мешіттің жертөлесінде кепілдікте ұстап, билік тарапынан қарсы жауапты күтеді.
12/02/2018 03:31 0 1528
Парацетамолдың денсаулыққа зиян екені анықталды
Парацетамолдың денсаулыққа зиян екені анықталды
Парацетамолдың денсаулыққа зиян екені анықталды
Мамандар парацетамол дәрісін жиі пайдаланған  емделушілердің ағзасынан бедеулікті байқаған.
13/02/2018 09:23 0 2551
Иманғали Тасмағамбетовтың тапсырмасы
Иманғали Тасмағамбетовтың тапсырмасы
Иманғали Тасмағамбетовтың тапсырмасы
Исі қазаққа танымал Иманғали Тасмағамбетовтың Астана қаласына әкім болып тағайындалғанына екінші жыл болатын.
13/02/2018 19:35 3 3016
Ерлан Біләл театрда актер ретінде жұмысын жалғастырады
Ерлан Біләл театрда актер ретінде жұмысын жалғастырады
Ерлан Біләл театрда актер ретінде жұмысын жалғастырады
Пара алып сотталған Ерлан Біләл Әуезов атындағы театрдың актерлер құрамында жұмысын жалғастыратын болады.
15/02/2018 08:29 6 593
Абай бата сұраған жеті әулие кім?
Абай бата сұраған жеті әулие кім?
Абай бата сұраған жеті әулие кім?
Абай қырық жасында өлең жаза бастаған дейді абайтанушылар. Қанша жаста болса да, Абай әдебиет әлеміне жасағалы отырған ұлы сапарының басында:
16/02/2018 02:00 1 564
Ақордада ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті
Ақордада ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті
Ақордада ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті
Негізгі баяндамаларды О.Оразалин, А.Балаева, Д.Абаев, А.Мұхамедиұлы жасады.
16/02/2018 15:04 33 287
Өзбек медбикелері мен өрт сөндірушілері велосипедпен қызмет көрсетпек
Өзбек медбикелері мен өрт сөндірушілері велосипедпен қызмет көрсетпек
Өзбек медбикелері мен өрт сөндірушілері велосипедпен қызмет көрсетпек
Өзбекстанда медбикелер мен өрт сөндірушілер «тиімдірек» қызмет көрсету мақсатында велосипедке мінетін болы.
16/02/2018 19:20 0 476
Ресей ғарышкері Арал теңізін орбитадан фотоға түсірді
Ресей ғарышкері Арал теңізін орбитадан фотоға түсірді
Ресей ғарышкері Арал теңізін орбитадан фотоға түсірді
Ғарышкер Арал теңізін дәстүрлі түрде  үлкен көліміне бола теңізге жатқызатынын жазады
17/02/2018 10:11 0 941
Екіжүзді Кэри Тагава
Екіжүзді Кэри Тагава
Екіжүзді Кэри Тагава
Қазақстан біреудің ескі-құсқысын киіп алып, оны айналасына «жаңа» деп сендіргісі келетін бала сияқты.
18/02/2018 13:08 2 385
Имамдарға келгенде пакетке салған бір жамбасты сөз қылатындар бар...
Имамдарға келгенде пакетке салған бір жамбасты сөз қылатындар бар...
Имамдарға келгенде пакетке салған бір жамбасты сөз қылатындар бар...
Осы бір ойлар сана түкпірінде жүргелі көп болды. Былтыр Құл-Керім ағаның үйінде сүйініп отырып әңгімелеп едік осы тақырып төңірегінде.
18/02/2018 18:48 0 384