• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:20:59
Алматы
+35°

18 Қазан, 2017 NEWS

Эстония аспанынан қап-қара нөсер жауды

Эстонияның үш аймағында қап-қара нөсер жауды.

Эстонияның Ярвамаа, Эльва және Йыгева аймағының тұрғындары 18 қазанда аспаннан қара түсті нөсер жауғанын айтқан. Жергілікті тұрғындар нөсердің артынан жерде сұр түсті дақтар пайда болғанын айтты,- деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Delfi сайтына сүйене отырып жазады.

Синоптиктер мұндай құбылыстың себебін Португалиядағы орман өртімен және Сахарадан жеткен шаң-тозаңмен байланыстырды. Осының алдында ғана қара бұлт Эстония көгіне үйіріліп еді.

Тайми Пальяк есімді метеорологтың айтуынша: «Біз ғарыш серіктері түсірген фотолардан және Финляндия метеоқызметі зерттеуінен Эстонияға Португалиядағы орман өртінің түтіні мен Сахараның шаң-тозаңы келіп жеткені дәлелденді».

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, кешке қарай бұлт сейіліп, аспан ашылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір