• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:16:00
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2018 NEWS

Эскалаторда қысылып қалған қыз: полиция мән-жайды түсіндіріп берді

Астана полициясы сауда үйіндегі эскалаторда қолы қысылып қалған қызға қатысты мән-жайды түсіндіріп берді.

Астана полициясы сауда үйіндегі эскалаторда қолы қысылып қалған қызға қатысты мән-жайды түсіндіріп берді.

«Қыздың әжесінің айтуынша, эскалатормен төмен түсерде қыз әжесінің қолын жібере салып, өзі төмен қарай жүріп кеткен. Түсіп бара жатқан уақытта қыздың қолы қысылып қалған. Қалалық балалар ауруханасының анықтамасына сәйкес, қыздың сол қолының ортаңғы саусағы сынған», - деді ІІД өкілі.

Аталмыш оқиғаға байланысты ҚК-нің 306 бабының 1 бөлімі («Қауіпсіздік талаптарын қанағаттандырмайтын қызметтерді көрсету») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Сонымен қатар, полиция эскалатормен жүру барысында төмендегі ережелерді қатаң сақтауға кеңес береді:

-Балалардың қолын жібермеу әрі қараусыз қалдырмау керек;

-Қозғалыстың бағытына қарай қарап тұруыңыз керек, кері қарап көтерілмеңіз не түспеңіз;

-Қозғалып бара жатқан эскалаторда жүгірмеңіз, эскалаторға сүйенбеңіз, шектеу сызығанан өтіп кетпеңіз.

Еске сала кетейік, Желіде Астанадағы орталық сауда орнында эскалаторда қолы қысылып қалған 2 жастағы қыздың видеосы жарияланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір