• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:10:30
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2018 Әдебиет

Есенқұл Жақыпбектің «Жазғы таңда» жыр жинағы түрік тілінде жарық көрді

Өлеңдерді түрік тіліне аударған жазушы-дипломат  Мәлік Отарбаев.  Редакторы – ақын Атаман Калебозан.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, ақын Есенқұл Жақыпбектің «Жазғы таңда» жыр жинағы жарық көрді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлының қолдауымен ақынның жыр жинағы жазушы Якуб Омароғлы төрағалық ететін Еуразия Жазушылар қауымдастығына қарасты «Бенгу» баспасынан шықты.

Өлеңдерді түрік тіліне аударған жазушы-дипломат  Мәлік Отарбаев.  Редакторы – ақын Атаман Калебозан.

Кітаптың шығуына Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрметті президенті, генерал-майор, руханият жанашыры Қайрат Сатыбалды демеуші болды. Үйлестірген Алматы облыстық Мәдениет, архив және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Әбдуәлі, ал құрастырған Қазақстан Жастар одағының  "Серпер" сыйлығының иегері Қаншайым Байдəулет.

Кітаптың тұсаукесер рәсімі 9 ақпан, сағат 10.30-да Алматы облысы Жамбыл аудандық Мәдениет үйінде өтеді. Шараға Қазақстан елшілігінің дипломаты, жазушы Мәлік Отарбаев, танымал түрік ақыны Атаман Калебозан ханым, Еуразия Жазушылар қауымдастығы өкілі Хусейн Калебозан бей арнайы келеді. Сондай-ақ Алматы облысы Мәдениет, архив және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Әбдуәлінің, Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Далабаевтың, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының, зиялы қауым өкілдері мен өнер адамдарының қатысады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір