• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:00:12
Алматы
+35°

05 Мамыр, 2018 NEWS

Ерте қартайған Нұржан Өркешбаев елден сүйінші сұрады

Сирек кездесетін сырқатымен ел назарына түскен атыраулық Нұржан Өркешбаев өз жаңалығын жария етті

Сирек кездесетін сырқатымен ел назарына түскен атыраулық Нұржан Өркешбаев өз жаңалығын жария етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Ерте қартайған қазақ баласы екінші рет отбасы құрғалы жатыр.

«Некемді қиғалы жатырмын. Әзірге менің жаңалығым осы. Ол адаммен Құлсарыға қонаққа барғанымда танысқан едім. Алла қаласа болашақ жарым болады деген ниетте отырмын. Ұлан асыр үлкен той болмайды. Ағайын туысты шақырып беташар жасап, некемізді қиямыз», — дейді Нұржан Өркешбаев.
Нұржанның болашақ жары — «Адай» руынан шыққан 24 жастағы бойжеткен Ақтау қаласынан екен. «Әзірге бірге суретке түскен жоқпыз. Болашақ жарым фотосын жария етуге қысылып тұр. Бірақ міндетті түрде бұл қуанышты сіздермен бөлісетін боламын», — дейді Нұржан.
Бұған дейін шаңырақ көтеріп, жарымен ажырасып кеткен азамат келесі неке қию рәсімін мамыр айына жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін атыраулық Нұржан Өркешбаев елден сүйінші сұрайтындай жаңалығы бар екенін айтқан болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір