• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:36:00
Алматы
+35°

10 Мамыр, 2018 Экономика

Ертаевта қазақстандық банктерді «жоқ қылатын» ақпарат бар

Жомарт Ертаев бірнеше қазақстандық банктерді «жоқ қылатын» ақпарат біледі.

8 мамырда ресейлік БАҚ Жомарт Ертаевтың ұсталғанын хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі today.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық та, ресейлік те тарап ресми түрде ақпаратты әзірге растаған жоқ. Бейресми ақпаратқа сәйкес, Ертаев ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Оның ALMA Group-тегі қызметімен байланысы бар жоғы әзірше белгісіз. 

Жомарт Ертаев — Қазақстанның қаржы саласында танымал. Оның ұсталғаны расталса отандық қаржы секторы мен онда жүргендердің жағдайы қандай болмақ? Бұл сұраққа қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов пен экономикалық шолушы Денис Кривошеев жауап берді.

Екі сарапшы да Жомарт Ертаев бірнеше қазақстандық банктерді «жоқ қылатын» ақпарат біледі деген ойда.

Расул Рысмамбетовтің ойынша, Жомарт Ертаев отандық банк жүйесінің осал тұстарынан хабардар. Себебі ол 1990 жылдары қазақстандық қаржы ұйымдарымен жұмыс істеген.

«Ол акционерлердің қалай жұмыс істейтінін жақсы біледі. Оның тұтқындалғаны Қазақстанның банк жүйесіне әсер етпейді. Десек те Ертаев акционерлердің жақсы және жаман тұстарын жақсы біледі. Олардың кейбірін тіпті шетелде жүрген қазақстандық банкирлердің өзі еске алуға батпайды» деді Расул Рысмамбетов.

Сарапшы Жомарт Ертаев пен Марғұлан Сейсембаевтың арасында болған дауды еске алды. Олар бір-біріне компраматы бар екенін астарлап жеткізген.

"Нақты не білетінін білмеймін, бірақ кейбір қазақстандық банктерді «жоқ қыла алатындай» ақпарат біледі деп ойлаймын" дейді Рысмамбетов.  

«Жомарт Ертаев нақты қандай күдікпен ұсталғанын білмеймін, бірақ түбі RBK мен Qazaq банктермен байланысты. Бұл банктердің құжаттарында оның қолы жоқ, алайда ол осы банктердің акционерлерінің біріне кеңесшісі болған. Жомарт Ертаев кінә артуға ыңғайлы адам. Ол шетелде тұрады, оның есімі қазақстандық БАҚ-та банк төңірегіндегі дауға қатысты бірнеше мәрте аталды» дейді Рысмамбетов.

Экономикалық шолушы Денис Кривошеев те қазақстандық банктердің құрылу тарихы туралы көп қызықты ақпарат біледі деген ойда.

«Ертаевтың не істегені емес не айтатынын ескеру керек. Егер Ертаевты шынымен ұстаса, 25 жылдық банк циклы аяқталады» дейді Кривошеев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір