• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:11:42
+35°

17 Наурыз, 2018 NEWS

Ермекбаев ҮЕҰ-ларды паллиативтік көмек көрсету жүйесін дамытуға шақырды

министр мемлекеттік органдарды паллиативтік көмек көрсету, өңірлердегі хоспистер жұмысын дамыту үшін ҮЕҰ-лардың әлеуетін пайдалануға назар аудартты.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев үкіметтік емес ұйымдарды паллиативтік көмек көрсету және хоспистер жүйесін дамытуға шақырды. Бұл туралы министр ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында мәлімдеді.

Нұрлан Ермекбаев VII Азаматтық форумның ұсынымдарын орындау шеңберінде мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасауы түрлі салаларда кең ауқымды мәселелерді қамтитынын атап өтті.

«Бұл ретте, біз халықты алаңдататын өзекті мәселелерге мониторинг жүргізіп отырамыз және бізге түрлі өтініштер келіп түседі. Тұрғындардың көпшілігі үкіметтік емес ұйымдарды паллиативтік көмек көрсету және хоспистер жүйесінің дамытуға белсенді қатысуы жөнініде тілек білдіреді. Бұл бірінші кезекте онкологиялық науқастарға, қарт адамдарға қатысты көмек», - деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.

Министрдің айтуынша, бүгінгі күні уәкілетті мемлекеттік орган елімізде тиісті жұмыстарды жүргізеді, атап айтқанда паллиативтік медициналық  көмек көрсетуді дамыту бойынша қысқа мерзімді жол картасын әзірлеген.

Бұл орайда, министр мемлекеттік органдарды паллиативтік көмек көрсету, өңірлердегі хоспистер жұмысын дамыту үшін үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін пайдалануға назар аудартты.

Естеріңізге сала кетейік, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесіне қатысушылар VII Азаматтық форумының ұсынымдарын жүзеге асыру, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы белсенділігін талқылаған болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір