• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:00:16
Алматы
+35°

31 Наурыз, 2018 Әдебиет

Ерлан Жүніс Жазушылар одағының Жетісу өңірлік бөлімшесін басқарады

Бүгін жетісулық зиялы қауым өкілдеріне филиалдың жаңа директорын одақ төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек таныстырды.

Талдықорғанда Қазақстан жазушылар одағының аймақтық филиалы ашылды. Елдегі ең ірі шығармашылық ұйымының Жетісу жеріндегі бөлімшесін ақын Ерлан Жүніс басқаратын болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында Қазақстан Жазушылар одағының Facebook  желісіндегі парақшасында хабарланды.

 Бүгін жетісулық зиялы қауым өкілдеріне филиалдың жаңа директорын одақ төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек таныстырды. Кездесу соңында ақын-жазушылар басқарма филиалының жас әрі жаңа басшысына зор сенім білдіріп, қызметіне табыс тіледі.

Поэзияда өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған ақын енді жетісулық қаламгерлердің мүддесін қорғауға қызмет етпек. Әрі түрлі әдеби іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады.

Ерлан Жүністің есімі өлең сүйер қауымға жақсы таныс. Ол «Хауас», «Үміт жырлары» сияқты бірнеше жыр жинақтарының авторы. 2006 жылы Халықаралық «Шабыт» фестивалінде гран-при мен Президент кубогын жеңіп алған. Мемлекеттік сыйлық пен «Дарын» сыйлығының иегері.

Айта кетейік, өңірде Одақтың 120-дан астам мүшесі бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір