• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:27:51
Алматы
+35°

20 Қараша, 2017 Саясат

Ерлан Қарин: Атамбаев президенттігі нашар нәтижемен аяқталды

Бүгін Бішкекте Алмазбек Атамбаев президенттігінің нәтижесі жарияланған қорытынды баспасөз мәслихаты болды.

Бүгін Бішкекте Алмазбек Атамбаев президенттігінің нәтижесі жарияланған қорытынды баспасөз мәслихаты болды. Жалпы айтқанда, Атамбаев аса маңызды ештеңе айта қойған жоқ. Ол пікірін тек түрлі эмоцияға салып қана бір сөзді, бір ойды басқаша жеткізіп отырды. Бұл туралы Қазақстанның Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің төрағасы Ерлан Қарин мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Баспасөз мәслихаты болмас бұрын, 2-3 сағатқа созылатын ұзақ отырыс болатыны жарияланған. Дегенмен, Атамбаев онда президенттігін қорытындылайтын маңызы бар ештеме қосқан жоқ. Мәселен, ол жаңа бір жалпылама сандық нәтиже көрсеткіші немесе фактілермен бөліспей, әдеттегісінше, Қазақстанға шабуыл жасаумен ғана болды. Бірақ оның барлығы алдын ала ой елегінен өткізілген. Себебі Қазақстанды араластыра отырып, ол қырғыз халқының нақты президенттік қорытынды туралы тақырыптан адастыруды көздеген. 

яндекс

«Атамбаев антиқазақы мәлімдемелерімен елдің назарын негізгі мәселеден аударуды ойлайды. Себебі, нәтиже айтарлықтай көңіл қоншытарлық емес - Атамбаев өзінің мұрагеріне көптеген шешімі табылмаған мәселелер қалдыра отырып, президенттік тақты тастап барады. Экономикалық саясатта да ол жағдайды жақсарта алмай, тек елдің жағдайын қиындата түсті. Мемлекеттік бюджеттің жетіспеушілігі 2016 жылы 20 млрд сомды құраған болатын.

Бұл Қырғызстан үшін 20 жылдың ішінде ең рекордты көрсеткіш екенін айта кеткен жөн. Атамбаев президент бола бастаған 2011 жылдан бері бюджеттің жетіспеушілігі 50 пайыздан асып кетті. Бұған қоса жетіспеушілікті ішкі қаржы көздері есебінен жабу бойынша көрсеткіш 6,5 млрд сомды құраған болатын. Ал қазір ол сан 19 млрд сомға жетті», - дейді ол. Ерлан Қарин өз сөзінде басқаша айтқанда, кетіп бара жатқан президент жетіспеушілікті жабу үшін (75 пайызын) сыртқы қаржы көздерін пайдалана отырып, мемлекеттің қарызын өсіріп жібергенін айтады.

Ал мемлекеттік қарыз Қырғызстанда Жалпы ішкі өнімнің 62 пайызын құрап отыр. Бұл да соңғы 25 жылдағы рекордтық көрсеткіш. «Осыдан-ақ Қазақстанның нақты мақсатты қажеттілікке бермек болған 100 млн долларынан Атамбаевтың неге бас тартқанын аңғаруға болады. ЕАЭО-ның ортақ стратегиясы үшін, яғни фитосанитарлық және кедендік бақылауды күшейту мақсатында бөлінгелі отырған қаражатты Атамбаев пен оның командасы бюджеттің жыртығын жамау үшін қолданбақ болған. Бұның іске аспайтынын білгеннен кейін олар циркке ұқсас қойылымды ұйымдастырып жіберді», - дейді Ерлан Қарин.

Саясаттанушы сонымен бірге, саяси тұрғыда да Атамбаев президенттігінің қорытындысы біркелкі еместігін білдірді.

«Саяси алаң бір-бірінен ауытқып қалды, ол барлық оппоненттерін саяси кеңістікке ысырып тастады. 2010 жылы өзі бірге Сәуір төңкерісін ұйымдастырған жақтастарының барлығымен жанжалдасты. Елде діни радикализм белең алып барады. Қырғызстанның Қазақстанмен ғана емес, бірсыпыра елдермен қарым-қатынасы нашарлай түсті.

Бұған қоса ол популистік мәлімдемелер жасай отырып, саналы түрде келесі президенттің жұмысына кедергі келтіріп жатыр. Сондықтан, жалпы қорытындыға «жағымсыз» деп баға беруге болады. Атамбаев бұл мәселелерді шешуге күш салмастан кетіп барады. Ендігі кезекте, осынау Атамбаев «мұраға қалдырған мәселелердің» барлығын мұрагері шешуі керек болады», - дейді Ерлан Қарин.

Zamira Pulatova

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір