• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:14:02
Алматы
+35°

13 Қазан, 2017 NEWS

Ерлан Карин Елбасының хит болған фотосы бейнеленген футболка киіп жүр

Ерлан Карин Нұрсұлтан Назарбаевтың Сочиде ТМД елдерінің басшылары қатысқан саммитте түсірілген ақ-қара суреті бейнеленген футболка киді.

Ерлан Карин Нұрсұлтан Назарбаевтың Сочиде ТМД елдерінің басшылары қатысқан саммитте түсірілген ақ-қара суреті бейнеленген футболка киді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпараттық агенттігі Sputnik сайтына сілтеме беріп жазады.

sputniknews.kz

Қазақстандық саясаткер Ерлан Карин Назарбаевтың желіні шулатқан әйгілі фотосы бейнеленген киім киді. Оның кеудесінде Армения президентінің жеке фотографы Давид Акопян түсірген ақ-қара сурет бар.  

Бұл Елбасының сұлбасына ғана жарық түскен сурет Wise Power хештегімен жарияланды. Ағылшын тілінен аударғанда бұл тіркес «парасат күші» деген мағынаны білдіреді.

Желі қолданушылары Кариннің осылай тез арада әрекет ету ептілігіне таңдануда.

«Әлемдік саясатта жұмсақ күш (Soft power) және ақылды күш (Smart Power)  деген түсініктер бар. Ал Ерлан Карин болса парасат күші (Wise Power) деген тіркесті ойлап тапты. Бұл Сочидегі суреттің ең мықты анықтамасы»,- деп Самат Нұртаза өзінің парақшасына жазды.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда Давид Акопян Назарбаевтың суретін жариялаған болатын. Сурет Нұрсұлтан Назарбаевтың Сочидегі ТМД елдері басшыларының кездесуінде түсірілген еді.

Ерлан Карин президент суретіне алғашқылардың бірі болып бағасын берді.

Карин желі қолданушыларынан: «Қазіргі кезде барлық ақпараттық құралдар Елбасының танымал суретін жариялады, айтыңыздаршы сіздерді осы сурет неліктен қызықтырады?»,- деп сұрады.

Көпшілік бұл фотодағы Назарбаевты «Крестный отец» фильміндегі дон Карлеонмен және «Карточный домик» телехикаясындағы Френсис Андервудпен салыстырды.

Кариннің әрекетін басқа да қазақстандықтар қайталағысы келеді. Әлеуметтік желі қолданушылары жейдені қай жерден сатып алуға болатындығын сұрастыруда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір